Каспийдің елімізбен шектесетін аймағында жоғалған ресейлік ғалымның жағдайы белгілі болды

cover Фото: Бейнеден кадр

Астрахан облысындағы Орыс Географиялық қоғамы бөлімшесінің жетекшісі, океанолог-ғалым Петр Бухарицин Каспий теңізінің елімізбен шекаралас аймағында орналасқан Укатный аралында тірі табылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Айта кетейік, ғалым 19 сәуір күні жоғалып кеткен еді. Құтқарушылар 76 жастағы ғалымды төрт күн бойы іздеді. Ол Каспий жағалауының солтүстік бөлігін картаға түсіру экспедициясын басқарып жүрген. Укатный аралында өзгелер ғалымнан көз жазып қалған еді. 

Ғалымның ұлы Андрей Бухарицин әкесі бағытын жоғалтып, аралдың ішкі жағына еніп, адасып кеткенін айтты. Ғалым табылғаннан кейін ол Укатный аралында орналасқан далалық лагерьге орналастырылды. Экспедиция мүшелері мен Петр Бухарицин мінген кеме Астраханға 25 сәуірде аттанады.

Еске салайық, бұған дейін әнші Игорь Тальковты өлтірген концерт директоры 13 жылға сотталды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар