Қашуға Назарбаев көмектескен: Қырғызстан Құрманбек Бакиевті елге қайтармақ

cover Фото: Вечерний Бишкек

Қырғыз билігі қашқын президент Құрманбек Бакиев пен экс-премьер-министр Сапар Исаковты экстрадициялау бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың айтуынша, Минск билігі Бакиевті елге қайтаруға дайын, бірақ оны түрмеге отырғызбау шартын қойған. Дәл осындай ұсыныс Сапар Исаковқа да қатысты жасалған.

«Біз осы мәселені талқылап жатырмыз. Бір жағынан, оларды елге қайтарып, ТЭЦ ісі мен музей ісі бойынша жауап алуға болады. Кім қанша қаражат жымқырғанын айтсын. Ал ұрланған ақшаны бюджетке қайтару – құқық қорғау органдарының міндеті»,  дейді Садыр Жапаров.

Оның айтуынша, Бакиевтің кеңсесінен ұрланған алтындар  мен жасырылған қаржы туралы мәліметтер де тергеу аясында қарастырылып жатыр.

«Халық 15 жыл бойы неліктен  оларды Мәскеуден немесе Минскіден экстрадициялай алмайсыздар деп сұрап келеді. Егер олардан жауап ала алсақ, көптеген қылмыстық іске нүкте қоюға мүмкіндік болар еді», дейді Қырғызстан президенті.

Құрманбек Бакиев 2010 жылғы сәуір төңкерісі кезінде биліктен кетіп, елден қашуға мәжбүр болған. Оған сол кезде Қазақстан президенті болған Нұрсұлтан Назарбаев көмектесіп, тікұшақпен Бішкектен Таразға жеткізген. Кейін Бакиев Беларусьтен саяси баспана алды. Қырғыз соты оны "Ақ үйдегі" жаппай атысқа қатысы бар деп танып, 30 жылға бас бостандығынан айырған.

Сапар Исаков 15 жылға сотталған. Ол Бішкектегі ЖЭО-ны жаңғырту кезінде сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар