«Кәрістер» сценарийі бойынша соғысты аяқтау Украинаға келмейді – Зеленский
Фото: Зеленскийдің телеграм-арнасы
Украина соғысты «корей» немесе «фин» үлгілері бойынша аяқтау жолдарын қарастырмайды. Бұл туралы Владимир Зеленский журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz УНИАН-ға сілтеме жасап.
Ол Корея соғысы бітімгершілік келісімінсіз аяқталғанын, бұл қауіпсіздіктің ұзақ мерзімді кепілдіктері туралы мәселені ашық күйінде қалдыратынын атап өтті.
Корей сценарийі - бұл бітімгершілік шартынсыз аяқталған жағдай. Тараптар оқ атуды тоқтатады, бірақ жанжал заңды түрде жабылмайды, ешқандай нақты шешім жоқ. Даулы аумақтар шекарасы ресми түрде сол күйінде қалады. Мұндай жағдай ондаған жылға созылуы мүмкін (Корей түбегіндегідей).
Оның пікірінше, Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беру туралы келіссөздерді бастау үшін уақытша оқ атуды тоқтату жеткілікті.
«Уақыт жұмсап, соғысты тоқтату туралы түпкілікті шартқа қол қоюды күту бізге келмейді. Бізге қауіпсіздік кепілдіктері қажет. Ешкім «корей», «фин» немесе басқа модельді қарастырмайды. Ақыр соңында не болатынын ешкім білмейді. Бірақ біз алғашқы қадам қандай екенін білеміз. Қауіпсіздіктің қандай кепілдіктері біз үшін маңызды екенін де білеміз», - деп атап өтті Зеленский.
Бұған дейін Донецк облысының Яровая ауылына жасалған авиашабуыл салдарынан 21 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған болатын. Украина басшысының айтуынша, ресейлік әскерилер зейнетақы алу үшін кезекте тұрған бейбіт тұрғындарға авиабомба тастаған.
Тамыздың ортасында Зеленский саммиттен кейін Трамппен сөйлесіп, Украина бейбітшілік үшін бәріне дайын деген болатын.
Ал қыркүйектің басында Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Ресей президенті Владимир Путинмен әңгімелескен кезінде Украина президенті Владимир Зеленскиймен тек Мәскеуде ғана емес, «кез келген жерде» кездесуге дайын екенін айтқанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр