Қарағандыдағы 13 жастағы баланың өліміне туыстары дәрігерлерді кінәлайды

cover Фото: Orda.kz

Қарағандыда 13 жастағы Дамир Болымбаев қайтыс болды. Жақындары оның өліміне медицина қызметкерлерін кінәлап отыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Дәрігерлер баланы екі рет қарап, жағдайының ауырлығын елемей, ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Бұл туралы КТК хабарлады.

Алғашқы тексеруден кейін дәрігер балаға қарапайым суық тиді деген диагноз қойған. Алайда көп ұзамай оның жағдайы күрт нашарлап, қатты ауыра бастаған. Ата-анасы жедел жәрдем шақырғанымен, келген фельдшер баланы ауруханаға апармай, оның шағымдарын мәнсіз деп санаған.

Екінші рет шақырылған сол бригада тағы да қажетті тексерулер жүргізбей, тек ауырсынуды басатын екпе салған. Инъекциядан кейін Дамирдің жағдайы күрт нашарлаған. Тек үшінші рет қоңырау шалғаннан кейін ғана жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізді, бірақ тым кеш болды.

Қазіргі уақытта баланың ата-анасы сараптама нәтижесін күтіп отыр. Сонымен қатар кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп, полицияға арыз жазған. Сараптама Дамир Болымбаевтың өлімінің нақты себебін анықтауы тиіс.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар