Қарағандыда синтетикалық есірткі өндіретін ірі зертхана анықталды
Фото: ПД баспасөз қызметі
Қарағанды облысында синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Арнайы операция 5 қараша күні Сортировка кентінде өтті. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыстық прокуратураның қолдауымен 28 және 30 жастағы екі тұрғынды ұстады.
Тергеу деректеріне қарағанда, олар жеке үйді жалға алып, куратордың нұсқауымен және криптовалюта арқылы төлем қабылдап, «альфа-PVP» (халық арасында «скорость» деген атпен белгілі) деген есірткіні өндіріп келген.
«Іске жаңа қосылғандарды, соның ішінде қарапайым азаматтарды курьер немесе жасырғыш ретінде тарту әрекетінің жолы кесілді», – деді есірткі қылмысына қарсы басқарма бастығы Ғалымжан Бекболатов.
Тінту кезінде полиция қызметкерлері бір тоннадан астам есірткі дайындайтын заттар мен 52 келіден аса дайын есірткіні тәркіледі. Бұл шамамен 173 мың доза жасауға жеткілікті. Сондай-ақ таразы, миксер, кептіргіш, вакуумдағыш және басқа да өндіріс құралдары табылды.
Қазіргі уақытта ұсталған екі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды