Қарағандыда қол-аяғы жоқ адамды 10 жыл бойы құлдықта ұстағандар сотталып жатыр
Фото: Pexels
Қарағандыда 1-топтағы мүгедекті 10 жыл бойы қайыр сұратқызып жұмысқа салған адам ұсталды. Қазір бұл іс бойынша сот процесі жүріп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Qumash телеграм-арнасының мәліметінше, 41 жастағы Николай өзімен бірге тұратын әйелімен құлдыққа тап болған. Күнде оның «қожайыны» таңғы 8:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істеткізген. Дәлірек айтқанда мүгедекке қаланың қақ ортасындағы аялдамада қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Қандай ауа райы болса да, «қожайындары» жұмысқа жеккен. Яғни, Николай қысы-жазы, жаңбыр мен қарға қарамай қайыр сұраумен 10 жыл айналысқан.
Ол Николайды үнемі ұрып-соғып отырған. Оның бірге тұратын әйелі 2020 жылы босанған. Алайда олардан баланы алып қылмысты басқарып отырған тұлғаның әпкесіне берген және бала онымен 4 жыл бойы бірге тұрып келген. Айыптаушылар өздерінің қыздарын тек «қожайынының» рұқсатымен ғана көріп отырған. Соның өзінде мүлде сирек кездестірген.
ІІМ дәл бір жыл бұрын қылмыстық топты ұстады. Қылмыскерлер олардың арқасында жылына 10 миллион теңгеге дейін табыс тапқаны белгілі болды.
Істе бірнеше айыпталушы бар. Сонымен қатар, олардың барлығы дерлік туыстар. Кінәні ешкім мойындамайды. Олардың үшеуі қылмысты білмегендерін айтады. Ал жәбірленуші тарап негізгі күдіктінің кейбір тапсырмаларын орындады дейді. Бүгінде Николай және онымен бірге тұратын әйел қоғамдық қордың қамқорлығында, қор оларға куәлік алуға көмектескен, сондай-ақ құқықтық, психологиялық, медициналық және гуманитарлық көмек көрсеткен.
Сот әлі өтіп жатыр.
Айта кетейік, Мұқағалиды сорлы еркек деп әлемге жар салған Әлішер Теменовтің ісі сотта қаралып жатыр. Блогердің үстінен Мұқағали Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мақатаев шағым түсіргені туралы жазған болатынбыз.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады