Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған Тұрғымбаевқа қатысты сот үкімі шықты
Фото Orda.kz
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі аудандық соты қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты үкім шығарды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Ол билікті асыра пайдаланып, ҚР қылмыстық кодексінің 362-бап, 4-бөлігі бойынша айыпталды.
Прокурор 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Алайда сот Ерлан Тұрғымбаевтың кінәсін мойындап, өкінгенін ескеріп, шартты жаза тағайындап, пробациялық бақылау орнатты.
Сонымен қатар, Тұрғымбаев белгілі бір лауазымдарды 10 жыл бойы атқара алмайды. Арнайы атақтары мен мемлекеттік марапаттарынан да айырылды.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, Orda.kz бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін ұсталғанын хабарлаған болатын. Тергеу 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты болды.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады