Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар табылды

cover Фото: Polisia.kz

Бірнеше өңірде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы ІІМ мәлімдеді.

Ведомство жыл басынан бері 20 атыс және травматикалық қару тәркілеген, оның 4-уі қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған. Сондай-ақ 6 граната және 150-ден астам оқ-дәрі заңсыз айналымнан шығарылған. 

Алматының Түрксіб ауданында қару жасырылған жер анықталып, онда 3 шолақ мылтық, 3 тапанша, 4 гранат, шамамен 50 оқ және қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған карабин тәркіленді.

Ал Тараз қаласында 2 шолақ мылтық және қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған жауынгерлік арбалет табылды. 

Алматы облысында 2 қару, РГД-5 гранатасы және Калашников автоматының 20 оғы, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 Макаров тапаншасы табылды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар