Қаңтар қасіреті: «Тағзым» мемориалының тазалығына 145 млн теңге жұмсалады

cover Фото: Ақорда

Алматыдағы «Тағзым» мемориалының тазалығына 145 миллион теңге жұмсалады, деп хабарлайды Orda.kz.

17 қаңтарда Алматы қаласының Бостандық ауданы әкімінің аппараты «Тағзым» мемориалын күтіп ұстау қызметтерін сатып алу туралы хабарлама жариялады. Мемлекеттік сатып алу қалалық билікке 145 727 343 теңгеге түспек.

Factcheck.kz мәліметінше, техникалық сипаттамаға сәйкес, жыл бойы әлеуетті жеткізушінің негізгі міндеті — ескерткіштер мен оның айналасындағы аумақты тазалық пен тәртіпті сақтау. Қыс мезгілінде мемориалды, жолдарды және баспалдақтарды қар мен мұздан тазалау қажет болса, көктем мен жазда газонды суару, қырқу, өсімдіктерге күтім жасау және қажет болған жағдайда аумақты жаңа көшетпен қамтамасыз ету керек. 

«Тағзым» мемориалы аумағындағы нысандарда: 

  • 1 229,08 шаршы метр гранит төсемі,
  • 880 шаршы метр асфальтбетон төсемі,
  • бес ақ, сегіз қара және екі сұр стела,
  •  үш МАФ, 16 орындық, 16 қоқыс жәшігі,
  • үш декоративті су қоймасы,
  •  1 045,92 шаршы метр газон,
  • 43 ағаш, 9 өсімдік және 14 бұта бар.

Өткен жылы мемориалды күтіп ұстау қызметтерін «Stamp service» ЖШС жүргізді, 6 ай 10 күн жалғасқан келісімшартқа  Бостандық ауданы әкімдігі 35 714 285 теңге бөлген. Яғни, бір айда мемлекеттік бюджетке 5,8 миллион теңге шығын келді.

Биыл, егер келісімшарт ақпанда жасалса, ол 11 ай бойы қолданыста болады. Алайда, жалпы сома 145 миллион теңгеге дейін артса, мемориалды күтіп ұстау құны айына екі есеге, яғни 13,2 миллион теңгеге дейін қымбаттайды.

Техникалық сипаттамаға да өзгеріс енгізілді, орындаушы 45 жұмысшы, олардың кем дегенде бесеуі Алматыда тіркеуде болуы керек, тоғыз жүргізуші (біреуі тіркеуде болуы керек), үш жұмысшының биіктікте жұмыс істеуге рұқсаты болуы қажет. Сонымен қатар қоршаған орта, өрт қауіпсіздігі, техникалық қауіпсіздік, механизаторлар, диспетчерлер және үш жылдан кем емес тәжірибесі бар орман шаруашылығы инженерлері болуы керек.

2024 жылы мемориалды күтіп ұстау үшін әкімдік тек 10 жұмысшы талап етті, олардан Алматыда тіркеуде болу талап етілмеді, жүргізушілерге де бұл талап қойылмады, ал биіктікте жұмыс істеуге рұқсаты бар жұмысшылар мүлдем болмады. Өзгерістің не үшін жасалғаны белгісіз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар