Қаңтар қасіреті: Қошманбеттегі полицияның қанды азабы
Фото: Orda.kz
2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде полиция қызметкерлері 99 адамды, оның ішінде: қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік азаматтары мінген автобус көлігін тоқтатып, Қошманбет ауылында ұрып-соғып, жасамаған қылмыстарды мойындатуға тырысты. Қошманбет ауылында тамақсыз, сусыз, жылуы жоқ ғимаратта көрген азаптарын жәбірленушілер сот залында ашу-ызамен еске алды. Екі жәбірленуші күдіктілерді – Берік Әбілбеков пен Бауыржан Сопақовты таныды.
Orda.kz тілшісі Қошманбеттегі азаптау ісі бойынша Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотындағы сот отырысына қатысты.
Тас жүрек тәртіп сақшыларының тасадағы қинауы
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қошманбеттегі азаптау бойынша сот отырысы жалғасуда. 2022 жылдың 7 қаңтарында ҰҚК шекара қызметі Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар адамдарды іздеу операциясын ұйымдастырды. Сол күні әскерилер Алматы-Бішкек тас жолында бақылау-өткізу бекетін орнатып, 99 адамды: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтарын ұстады.
Барлығын Қошманбет ауылындағы сол кезде пайдалануға берілмеген, ресми түрде жұмыс істемейтін арнайы құқық бұзушыларды ұстау изоляторына апарды. Зардап шеккендердің айтуынша, ол жерде су да, жылу да болмаған.
Арнайы ұстау изоляторында ұсталғандарды әскерилер мен тәртіп сақшылары тізілген тірі дәліз күтіп алды. Зардап шеккендердің айтуынша, ол жерде әскери киім киген, қару-жарақ пен таяқ ұстаған 30-ға жуық адам болған. Сұрақ қоймастан «дәлізден» өтіп бара жатқандардың барлығын ұрып-соқты. Үш күнге жуық ұсталғандарға тамақ та, су да бермей, үнемі қорлық көрсетіп отырды.
Айыптаулар алқасында алты адам отыр: Қарасай полиция басқармасының бұрынғы бес қызметкері – Серік Тұрпанбаев (басшының бұрынғы орынбасары), Нұрсұлтан Хамитов, Бауыржан Сопақов, Арлан Шойбеков, Олжас Айдарханов және Алматы қалалық ІІД бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбеков. 44 адам зардап шеккен деп танылды.
Тұтқындарды тізерлеткен азап дәлізі
Түскі ас алдында тергеуде жатқан үш жәбірленуші куәлік берді. Олар тергеу изоляторынан әкелінді. Бақыткелді Қайыпов, Бағлан Сидроманов, Болат Төлепберген «Дикий Арман» атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің ісі бойынша сот процесіне айыпталушы ретінде қатысуда.
7 қаңтарда жәбірленуші бес адам Алматыдан Шымкентке жол тартты. Олар оңтүстік астанаға Қаңтар күндері билікке тәртіп орнатуға және дүкендер мен әлеуметтік нысандарды тонаушылардан қорғауға көмектесу үшін келген-мыс.
Әскерилер көлікті Тарғап ауылы маңындағы бақылау-өткізу бекетінде тоқтатқан. Барлығын автобусқа мінгізіп, Алматы бағытына алып кетті. Автобуста басқа да ұсталғандар болған – 50-ге жуық адам, олардың арасында өзбек және қырғыз ұлтының ер адамдары болған.
«Жолда қабірлерге қарай бұрылдық. Бізді автобустан түсіріп, лаңкестер сияқты атып, сол жердегі шұңқырға көмеміз деді. Ауаға оқ атылды. Біз: болды, бітті деп ойладық. Сосын бізді қайтадан автобусқа тиеп, Қошманбеттегі арнайы уақытша ұстау изоляторына апарды», – деді Бақыткелді Қайыпов.
Оның айтуынша, жаңадан келген тұтқындарды екі қатарға тізілген қара киім киген СОБР қызметкерлері қарсы алған.
«Адамдар екі жақта тұрды. Біз дәлізден өткенде таяқпен, дулығамен ұрды, аяқпен тепті, қолмен соққы алдық. Олар бәрін ұрды. Автобустан арнайы уақытша ұстау изоляторының кіреберісіне дейін тірі дәліз болды. Дәлізден кейін біз ғимаратқа кірдік, онда бізге шешінуді бұйырды. Әскерилер мені қабірдің жанында автомат ұңғысымен ұрды. Мен дем ала алмай құлап қалдым», – деп Қайыпов еске алды.
Тәртіп сақшылары ұсталғандарды бір сағаттан астам уақыт бойы соққыға жыққан. Бірнеше адамға арналған бөлмеде 10-15 адам болды. Оларды жауап алу үшін бірінен соң бірі кеңселерге апарды.
«Ешкім өзін таныстырған жоқ. Ол жерде СОБР қызметкерлері болды, олар ішкі істер бөлімінен келді, әскерилер де болды. Әр жолы әртүрлі қызметкерлер мені жауапқа тартты. Олар Астанадан келген. Біреулері формада, біреулері азаматтық киімде. Митингте болдың ба, полицияны ұрдың ба, ұрлық жасадың ба, жоқ па деп сұрады. Мен митингке бармағанымды айттым. Тоғызыншы күні кешке бізді көлікке тиеп, қаладағы ішкі істер бөліміне апарды», – деді жәбірленуші.
Жауап алу кезінде ол соттағыдай Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергенді алғаш рет Қаңтар кезінде көргенін алға тартты.
«Сыныптасым Нұрсұлтан Құрал Алматыға келуімізді өтінді. «Қазақстан» қонақ үйіне ғимараттар мен жақын маңдағы дүкендерді, сондай-ақ №12 аурухананы күзетуге көмектесу үшін келдік. Мен оларды бұрын танымайтынмын, бірінші рет көрдім», – деді жәбірленуші Қайыпов
Барлық соққы нәтижесінде Қайыповтың миы шайқалған, қабырғалары сынған, ішкі ағзалары көгерген.
Бүйрек өте қатты зақымдалған. Оның арқасы мен басында тыртықтар қалды. Ешкімге медициналық көмек көрсетілмеді.
Қорғансыз жандарды полицияның сұмдық азаптауы
Судья сотталушылардың біреуін тани ма деп сұрады. Ахметов орысша сұрақты түсінбесе керек, жоқ деді. Бірақ кейін жауап беру барысында айыпталушылардың арасында Бауыржан Сопақовты танығанын айтты.
Сыныптасы екеуі Қордайдағы туысының жаназасына барған. Әскерилер көлікті тінту кезінде оның ішінен презерватив тауып алып, жолаушыларды зорлықшы деп айыптап, арнайы уақытша ұстау изоляторына қамады.
«Бізді Қошманбетке әкеліп, зорлықшы екенімізді айтты. Ол жерде қан болды. Олар бізді сойылмен, пулеметпен ұрып, тепкілей бастады. Дәліз бойымен басымызды төмен салып жүргенімізде, ес-түссіз жатқан соққыға жығылған адамдарды көрдік. Сосын бізді қабырғаға тіреп, тағы біраз ұрды. Сосын олар мені тергеуге алып кетті. Бізді ұрып-соқты, қорқытты, қаланың қыздарын зорладық деп мойындауға мәжбүр етті», – деді жәбірленуші Ахметов.
Ахметов Қошманбетте үш-төрт күн болғанын айтты. Осы уақыт ішінде ол да басқа тұтқындар сияқты соққыға жығылды.
Бауыржан Сопақовтың адвокаты, Қарасай сотының бұрынғы судьясы Мәди Көшікбаев Ахметовті жалған куәлік берді деп айыптап, соттан жеке ұйғарым шығарып, жәбірленушіні жазалауды сұрады. Ахметов өзінің айтуынша, Қошманбетте оны келеке еткен Сопақовты танығанын бірнеше рет растады.
Бауыржан Сопақовтың өзі Ахметовті бір рет көлікті алуға келгенде көргенін айтты. Ол жәбірленушінің тағылған айыптарын мойындамады.
Келесі кездесуде осы іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған қырғыз джазмені Викрам Рузахунов куәгер болады. Музыканттың адвокаты Елена Жигалёнок Orda.kz тілшісіне бұл процеске Қырғызстан консулы да қатысатынын айтты.
Жаңалықтар
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр