«Қанды сейсеп көрсетіп, сүйінші сұраған»: Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашып, зорлады
Коллаж: Orda.kz
Шымкент қаласында 17 жастағы жас қызды бұрын-cоңды көрмеген ер адам әйелдікке алып қашып кеткен, онымен қоймай, оның ұялы телефонын тартып алып, өз еркімен келгені туралы қолхат жазуға тырысқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Қыздың сөзінше, 4 жігіт оны күштеп көлікке отырғызып, кейін Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарай жол тартқан.
«Менің жасым 17-де, Шымкент қаласының тұрғынымын. Студентпін әрі көп балалы отбасыдан шыққанмын. Мені бұрын-cоңды көрмеген ер адам алып қашып кетті, жолдың бойында белгісіз жігіттер күштеп көлікке тығып, белгісіз аймаққа қарай жөнелді. Олар мені әйел қылып алмақшы болған. Ол жаққа барғанда үлкен кісілер, туыс-туғандары жүрді. От-шашу атып, қолына телефон ұстап, камераға түсіріп жүрген адамдар көп болды», – деді жәбірленуші қыз.
Қыз оларға әлі де кәмелеттік жасқа толмағанын және бұл туралы ата-анасына хабарлау керектігін айтқанымен, әулеттің үлкендері оны күштеп көліктен шығарып, үйге кіргізген.
«Үйге кіргеннен кейін менің ұялы телефонымды бермейтіндерін және өз еркіммен ол жаққа барғаным туралы қолхат жаздыртып алмақшы болды. Егер оны жазбайтын болсам, телефонымды бермейтіндерін айтты. Маған қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытты. Қолхат жазбайтынымды білгеннен кейін мені жыныстық қатынасқа мәжібүрледі. Олар дәстүр сондай, бұл үйден пәк болып шықпауым керек екенін түсіндірді. Әрі қарай оқуға бармайтынымды және бұл үйден мүлдем шықпайтынымды айтты. Егер жыныстық қатынасқа түспеген жағдайда — үйге қамап ұстап отыра беретіндерін жеткізді», – деді ол.
Қыздың айтуынша, алып қашқан ер адам мәжбүрлеп, жыныстық қатынасқа түсті. Артынша ол қан болған сейсепті алып кетіп, басқа бөлмеде отырған жеңгелерінен сүйінші сұрап, тойлатып кеткен.
«Зорлықтан кейін қандай хәлде болғанымды ешкім қараған да жоқ, ешкімге қызық болмады. Олар өздерінің дегендеріне жеткеннен кейін, көп ұзамай мен ол жақтан қашып кеттім».
Өз сөзінде қыз құзырлы органдар ештеңе істемегенін, ешкімнің жауапқа тартылмағанын айтты.
Шымкент полициясы осы оқиға бойынша Orda.kz сауалына жауап берді.
«Шымкент қаласы тұрғынының арызы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Іске қатысы бар барлық тұлғалар полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары кешені жүргізілуде. Тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданатын болады», деп жауап берді Шымкент қалалық полиция департаменті.
Жаңалықтар
- Мұрат Адам адвокаттық лицензиясынан айырылды
- Дінмұхамед Қонаевтың туған қарындасы қайтыс болды
- «Қанды сейсеп көрсетіп, сүйінші сұраған»: Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашып, зорлады
- Солтүстік Қазақстанда аязда қалып, үсікке ұрынған зейнеткер көз жұмды
- Тоқаев банктер туралы жаңа заңға қол қойды: қандай өзгеріс болады
- Қырғызстанда өтетін Көшпенділер ойындарына қазақтың көкпары қосылды
- Қазақстан КҚК-дегі іркілістерге қатысты мұнай жеткізу бағыттарын өзгертті
- Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентіне үкім шықты
- Түркістандағы өз әкесін тоқпақтап, өлімші халге жеткізген адам 5 жылға сотталды
- Tinder-де «Нұрай» атымен ақша сұраған жігіт 3 жылға бас бостандығынан айырылды
- Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш бас муфтиі Рәтбек қажы бақилық болды
- Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 4 адам ажал құшты
- Адвокат Мұрат Адамның сотында жарыссөз басталды: Судья Бажкенованы шақырудан бас тартты
- Ақтауда әскери қызметші қаза тапты
- Талғар ауданында ер адам азаматтық некедегі әйелін пышақтап өлтірді
- Астанада 82 жастағы шал шөбересін зорлағаны үшін 20 жылға сотталды
- «25 жылға сотталған»: Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы жаңа қызметке тағайындалды
- Астанада Ulysmedia тілшісін полиция қызметкерлері алып кетті
- Ғылымға бөлінген 295 млн теңге қайда кетті? Прокуратура мемлекет қаржысының жымқырылғанын анықтады
- Павлодар облысында тұрғын үй өртеніп, екі бала көз жұмды