«Қалыңдық қаза тапты»: Алматыда қыз алып қашқан көлік апатқа ұшырады
Фото: Pexels
Алматы облысында қыз алып қашқан көлік жол апатына ұшырап, қалыңдық көз жұмды. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға 24 мамыр күні сағат 18:00 шамасында БАКАД автожолының 36-шақырымында болған.
«Kia маркалы көліктің жүргізушісі Mercedes-Benz көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан Mercedes-Benz аударылып, салонда болған жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен түрлі жарақат алған екі жолаушы ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Ведомство қайтыс болған қыздың қалыңдық екенін растады.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
«Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», деп мәлімдеді полиция.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?