Қайта өңдеуге қарсы петицияны талқылау барысында шу шықты
Бейнежазбадан скриншот
Талқылау барысында құзырлы министрлік пен белсенділер бірін-бірі айыптай бастады. Ведомство Көкшетаудағы зауытқа бару дау-дамайға ұласқанын айтса, Санжар Боқаев олардың өз қызметтеріне жауапсыз қарағанын алға тартады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қазақстан халқы қайта өңдеуге және бастапқы тіркеуге қарсы» петициясы ePetition платформасында бірден 50 мың қол жинап, тиісті министрліктің қарау сатысына өтті. Осы мақсатта жұмыс тобы құрылып, мәселені талқылауға тиісті отырыстар сөзбұйдаға салынып кетті.
Алғашқы отырыс осылай кикілжіңдер салдарынан өтпей қалды. Одан кейін Индустрия министрлігі петицияның бастамашысы Санжар Боқаевты кедергі келтірді деп айыптады. Ол бас тартуын талқылау залына телефон алып кіруге тыйым салынғанымен түсіндірді. Белсендінің айтуынша құзырлы орындар талқылауды бұрмалап, жұртқа дұрыс жеткізбей, халыққа өз мүддесін тықпалауы мүмкін.
13 маусымда кездесу әупіріммен өтті. Индустрия министрлігі өз сайтында мұны өте сындарлы деп сипаттады. Санжар Боқаев күдіктеніп, өз пікірін Instagram парақшасында жариялады. Атап айтқанда, оның айтуынша, жұмыс тобының 36 мүшесінің 30-ы мемлекеттік органдар мен автомобиль саласына қатысты адамдар, яғни бұл мүдделі тұлғалар.
Бірақ 14 маусымда жұмыс тобы өкілдерінің Көкшетаудағы «Камаз-Инжиниринг» зауытына баруы да жанжалға ұласты. Индустрия министрлігі өз сайтында жариялаған нұсқаға сәйкес, қайта өңдеуге қарсылар зауытқа жақындай сала шу көтерген.
«Петицияға бастамашы болған үш белсенді «КАМАЗ-Инжиниринг» өндіріс аймағына кірген кезде жұмыс тобын кәсіпорынға келмеуге үгіттей бастады, өйткені оларға 2024 жылғы 13 маусымдағы жұмыс тобының хаттамасы ұсынылмаған. Санжар Боқаев пен оның жақтастары жазбаның көшірілуін күтпестен жиналыстан шығып кеткенін ескерген министрлік қызметкерлері жазбаны жүктеп, сілтемесін Боқаевқа жіберген.
Көкшетауда үш қатысушы «операторға өздерін қызықтыратын нәрселерді түсіруді және әрбір зауытты аралаған соң флешкадағы жазбаны беруді сұрады» делінген ИДМ хабарламасында.
Бірақ белсенділер зауытқа кіруден бас тартты. Ведомство өкілдерінің айтуынша, олардың мақсаты арандатушылық болғандықтан осындай әрекетке барған.

Санжар Боқаев Orda.kz тілшісімен сұхбатында оқиғаға қатысты өз ойын баяндап берді. Оның айтуынша, Көкшетаудағы зауытқа бару туралы жаңалық белсенділер үшін тосын сый болған.
«Бізге бүгін сағат 12:00-ге дейін Көкшетауда болу керектігі жұмыс тобы отырысының соңында ғана айтылды. Индустрия министрлігі бізге үш күн бұрын хабарлауы керек болса да, бұл туралы жиын соғында ғана ескертілді», — дейді Санжар Боқаев.
Боқаевтың айтуынша, бұл белсенділер ұйымдасып үлгермеуі үшін әдейі жасалған. Нәтижесінде қоғамдық белсенділердің бір бөлігі ғана Көкшетауға аттанды, себебі қол жинаған қарсылардың біразы Алматыдан ұшып келген және олар кері қайтуға билет алып қойған.
Санжар Боқаевтың айтуынша зауытқа барғанда да телефон алып кіруге тыйым салынғандықтан олар тағы да ішке кіруден бас тартқан.
«Біздің жігіттер үшін зауытта жасырын жерлер жетерлік, оларға барлығын көрсетпейді, тек қайда апаратынын айтты. Комбайндар мен тракторлардың зауытқа дайын күйінде жеткізілетінін мен өзім бірнеше рет көрсеттім де, осыдан кейін құпия әзірлемелер туралы айтудың өзі күлкілі. Бұл біздің тарапымыздан арандату емес еді. Ал олар тарапынан бұл біздің топтың петиция аясындағы бүкіл жұмыс процесін қасақана қаралау болып отыр», - дейді Боқаев
Естеріңізге сала кетейік, қайта өңдеу ақысын жою туралы петиция ePetition веб-сайтында 2024 жылдың 10 мамырында пайда болды. Ол екі апта ішінде мемлекеттік органдардың қарауына қажетті 50 мың қол жинап үлгерді.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды