«Қайраттың» бұрынғы бапкері 46 жасында көз жұмды
Фото: «Қайрат» футбол клубы
«Қайраттың» бұрынғы бапкері, Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы әрі «Қайрат» ФК академиясының жетекшісі Кирилл Кекер қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
46 жастағы бапкердің көз жұмғаны туралы қаралы хабарды Қазақстан футбол федерациясының өкілдері мәлімдеді.
«Кирилл Сергеевич саналы ғұмырын отандық футболды дамытуға және жас ойыншыларды тәрбиелеуге арнаған тәжірибелі де жоғарғы білікті маман болды. Ол ойынның қыр-сырын терең меңгерген, жасөспірімдермен жұмыс істей білетін, талапшыл әрі іскер бапкер ретінде талай футболшының мінезі мен кәсіби өсуіне ықпал етті», деп хабарлады федерация өкілдері.
Кирилл Кекер футболшы ретінде «Қызылжар», «Оқжетпес», «Сұңқар» және «Шығыс» командаларында қорғаушы болған.
Сондай-ақ, ол ұзақ жыл «Қайрат» футбол клубында еңбек етіп, академияда жас футболшыларды дайындаумен айналысқан. 2022-2024 жылдар аралығында алматылық клубтың негізгі командасын басқарды. Сонымен қатар, 2024 жылы «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері болды.
Айта кетейік, Түркістан облысының Алғабас ауылында 18 қараша күні болған өрттен зардап шеккен 7 жастағы қыз бала қайтыс болды.
Жаңалықтар
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді