Қайрат Сатыбалды ұлына тиесілі «Байсат» базарының үлесі мемлекетке қайтарылды

cover

Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Алматы жылу» холдинг кешенінің (қазіргі «Байсат» базары) мүлкімен жасалған барлық мәмілені жарамсыз деп таныды.

Жалпы ауданы 4 221,4 шаршы метр және 1,4 гектар жер учаскесі үш нысаннан тұратын мүлік еншілес компаниялар «ҚазГерСтрой» бірлескен кәсіпорны» ЖШС мен «Astana Financial Group» ЖШС иелігінде болды. Бұл ұйымдар Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының«Алматы жылу» холдинг кешенінің (қазіргі «Байсат» базары) мүлкімен жасалған барлық мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді. Сотта қызмет бейінін сақтау және иеліктен шығаруға тыйым салу туралы шарттың талаптарын сақтамау бойынша міндетті сату шартынсыз 4 жыл бұрынғы мүлікті бағалау туралы өзекті емес есепті қолдануда көрсетілген кешенді заңсыз сату фактілері расталды» деп түсіндірді Бас прокуратура.

Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу аясында Қайрат Сатыбалды «Байсат» базарының көп бөлігін өз еркімен қайтарған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар