Қайрат Сатыбалды мемлекетке 44,6 млрд теңге қайтарды
Сурет: gov.kz
Қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 2024 жылдың басынан бастап қосымша 44,6 млрд теңге қайтарылды. Мұны Антикор төрағасы Асхат Жұмағали құрылымдық және аумақтық департамент басшыларымен жедел кеңес кезінде айтты.
«Қазіргі уақытта қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді» деп хабарлады ведомство басшысы.
Сонымен қатар кездесуде цифрлық технологияларды енгізу, оның ішінде «ақшаны бояу» тетіктері мен «цифрлық теңгені» пайдалану мәселелері талқыланды.
«Бюджеттен бөлінген қаржы түпкі мақсатына жетуі керек. Біздің сүйемелдеуіміздегі құрылыстары ұзаққа созылған нысандардың уақтылы берілмей, сапасыз салынуы көбіне ақшаны жымқыру немесе шенеуніктерге одан әрі кері қайтару салдарымен және басқа да құқық бұзушылықтармен байланысты екенін бәріміз білеміз. Цифрлық теңге құрал ретінде «ақшаны бояу» институтын іске асыруға септігін тигізеді. Цифрлық теңгенің алгоритмдері болғандықтан, өзінің іздері бар. Мысалы, қаражат жалақыға бөлінсе, басқа бағытқа кетпей, еңбекақы, тауарлар мен қызметтерді сатып алу және салық төлеу бойынша игеріледі. Бөлінген қаржы қозғалысының рәсімдері ашық болып, барлық аударым өз мақсатына жетіп, әр теңге көзделген мақсатына жұмсалуға тиіс», - деді ол.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды