Қайрат Қожамжаровтың тобы: Бас прокуратура Олеся Кексельдің ұсталғанын растады

cover Фото: Informburo.kz

Тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бас прокуратура қылмыстық қудалау фактісін растады.

«2025 жылғы 4 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті деп танылды (ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлігі 1 және 2-тармақтары)»,  деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, шілденің басында Олеся Кексельдің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Сонымен қатар Антикордың  бұрынғы басшысы Талғат Татубаев та ұсталып, 2 айға қамалды. Татубаев пен Кексель екеуі бұрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың командасының өкілдері. Екеуі де азаптау күдігімен ұсталып отыр. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар