Қайрат Қожамжаровтың інісі елге заңсыз иеленген активтерді қайтаруы тиіс
Коллаж: Orda.kz
Кәсіпкер Дулат Қожамжаров мемлекетке заңсыз өткен активтерді қайтаруы тиіс тұлғалардың тізіміне енді. Бұл шешімді Бас прокуратураның активтерді қайтару комитеті қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Үкімет бұл тізімді жария етпеуді жөн көрген, себебі оған енген тұлғалардың беделіне нұқсан келмеуі тиіс.
Nege.Aqsha мәліметінше, Қожамжаровтың өкілдері Бас прокурорға жүгініп, активтерді қайтару жөніндегі комиссияның шешімін қайта қарауды сұраған. Алайда, оларға бұл шешімнің заң аясында қабылданғаны түсіндірілді.
Айта кетейік, Дулат Қожамжаров – бұрынғы Бас прокурор және cенат депутаты Қайрат Қожамжаровтың туған інісі.
Forbes Kazakhstan мәліметінше, Дулат Қожамжаровтың дәулеті 110 миллион доллар деп бағаланып, ол Қазақстанның ең ауқатты кәсіпкерлері арасында 57-орында тұр. Ол Шымкентте өндірістік кешені бар, жан-жақты майлау материалдарын шығаратын Hill Corporation компаниясының иесі.
Жаңалықтар
- Ауғанстанда су тасқынынан 100-ге жуық адам қаза тапты
- Иранда барлау қызметінің басшысы Маджид Хадеми көз жұмды
- Ақмола облысында бөгет жарылды: Қазіргі жағдай қалай?
- Атырауда 2-сынып оқушысын көлік қағып өлтірді
- Астанада Танагөз Толқынқызына қатысты тексеру аяқталды
- Алматы облысында 14 және 17 жастағы жасөспірімдер үй ұрлығымен айналысқан
- АҚШ пен Иран 45 күндік бітімге келуі мүмкін
- Әлкей Марғұлан: Мұрағат пен дала арасындағы ғалым
- Қазақстанда қандай кітаптарды сақтау қылмыс саналады?
- Прокуратура Жақсылық Омарға шыққан үкімге пікір білдірді
- Дағыстанды су басты: Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде
- Қарағанды облысында ішінде 50 адамы бар автобус аударылды
- Ақмола облысында бөгет жарылды
- Армения Ресей газ бағасын көтерсе, ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығатынын мәлімдеді
- Түркістан облысында бірнеше күн іздестірілген суға батып кеткен қыздың денесі табылды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы кейбір кемелердің өтуіне рұқсат берді
- АҚШ-та ирандық генерал-майор Сүлейманидің туысы ұсталды
- Алматыда жеке клиникада сүндетке отырған бала ауруханаға түсті
- Иран Кувейт, Бахрейн және БАӘ-дегі АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасады
- Қазақстан мен Қытай шекарасында бірнеше өткізу пункті жабылды