Күйеуі әйелін қызының көзінше өлтірді: сот үкімі шықты

cover Фото: Дина Смаилова

Алматы облысында әйелді аяусыз өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлады Orda.kz.

Бұл оқиға былтыр күзде болған. Кішкентай қыздың анасы Светлана аяусыз өлтірілді. Күйеуінің айтуы бойынша, кешке олар бір жасар қызын ертіп, Магнумға (Қапшағай тас жолының бойында) азық-түлік алуға барады. Қайтар жолда тоқтап, Светлананың күйеуі әжетханаға шыққан. Ол қайтып келгенде, әйелінің өлі денесін тапқан.

Оның өзі әйелін өлтіруге қатысы барын жоққа шығарды. Алайда, Светлананың туыстары оның кінәлі екеніне сенімді болды. Өйткені олардың отбасыларында ұрыс-керіс көп болып, ер адам ажырасып, қызын алып кетемін деп қорқытқан. Оқиғаға байланысты полиция екі күдіктіні ұстады, олардың бірі - өлтірілген әйелдің күйеуі.

Белгілі болғандай, 27 сәуірде Қарасай өңірінің СМУ-де аталған күдіктілерге үкім шықты.

Марқұмның 38 жастағы күйеуі 18 жылға бас бостандығынан айрылды. NeMolchi жетекшісі Дина Смаилованың айтуынша, ол кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ, 1986 жылы туылған екінші сотталушы 15 жыл бас бостандығынан айрылды.

Олар марқұмның отбасына 20 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар