Эпидахуалдың нашарлығына халық кінәлі. Бекшин түсініктеме берді

cover

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында азаматтық белсенділерді «өз жұмысының нәтижесін көрсету» үшін жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне шақырды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Бүгін мен жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде болдым. Мен ол жерде азаматтық белсенділерді науқастар мен медицина қызметкерлеріне қаншалықты ауыр екенін өз көздерімен көрсін деп шақырдым. Бұл жағдай – «еңбектерінің жемісі». Белсенділердің өздері де түрлі мифтерге сеніп қалмасақ, екпені баяғыда қойдырар едік деп мойындады, - деді Жандарбек Бекшин.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері аурудың көбеюі мутацияланған штаммен, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуымен байланысты екенін айтты. Маска режимі сақталмаған. Көпшілік жиындардың алды кесілмеген.

– Түнгі клубтарға, мейрамханаларға және басқа мекемелерге барғанда сіз инфекцияны тарататындығыңызды және басқаларға жұқтыратындығыңызды түсініңіз, - деді Жандарбек Бекшин.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар