Электр жарығы сөнді: Жамбыл облысында қатты жел үйлердің шатырын ұшырды

cover

Жамбыл облысында қатты дауыл соғып  Жаңатас қаласында үйлердің шатырлары ұшып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.

6 ақпанда Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қатты жел салдарынан бірнеше тұрғын үйдің шатырлары зақымданып, біразын жел ұшырып жіберді.  Қалада электр жарығы өшірілген. Осыған байланысты мектеп оқушылары уақытша қашықтан оқытуға көшірілді.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша тұрғындар зардап шеккен жоқ. Аудан әкімдігі жағдайды бақылау үшін жедел штаб құрды.

 Зақымданған аудандар:

  • Бірінші шағын аудан: №32, 33, 34, 35
  • Үшінші шағын аудан: №6
  • Төртінші шағын аудан: №15 және 15а
  • Сонымен қатар, жел Бейбітшілік көшесіндегі электр желілеріне зақым келтіріп, ауданның жарық жүйесінде үзілістер тудырды.

Жаңатас әкімдігі тұрғындарды шұғыл қажеттілік болмаса көшеге шықпауға және абай болуға шақырды. Мектеп оқушылары қашықтан оқып жатыр.

Синоптиктер 6 ақпанда өңірдің оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін, таулы аудандарда – 30 метрге дейін болатынын ескерткен.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар