Экс-судья Жолмановаға қатысты іс сотқа жіберілді

cover Фото: Светлана Жолманованың Facebook-тегі парақшасы.

Бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Orda.kz.

Тергеу мәліметінше, 2021-2024 жылдар аралығында бұрынғы судья Жолманова жылжымайтын мүлік сатып алу және тендерлік жобаларға қатысуға көмек көрсету сылтауымен азаматтардың 1 млрд теңгеден астам қаражатын алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы иемденген.

«Тергеу аяқталғаннан кейін Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, яғни аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша айыптау актісімен қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді»,  деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, тергеу барысында 48 эпизод анықталып, олар бір өндіріске біріктірілген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар