Экс-министрдің жерлеу кортежі талдықорғандықтардың ызасын туғызды
Фото: Pixabay.com
16 наурыз күні Талдықорған – Үштөбе тасжолымен келе жатқан көлік жүргізушілері ұзақ кептелісте қалып, наразы болды. Суық ауа райына қарамастан, арнайы техникалар жолды сумен жуып, коммуналдық қызметтер зиратқа апаратын жолды ретке келтірді. Orda.kz тілшісі мұның себебін анықтады.
Белгілі болғандай, жолды жаппай тазалау қаржы экс-министрі, қазіргі Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ерұлан Жамаубаевтың әкесінің қазасына байланысты жүргізілген. Әкімдік зиратқа апаратын жолды жөндеуге бұйрық берген.
Тұрғындардың айтуынша, жолды жуудан бөлек, зират маңына бірнеше коммуналдық техника жеткізіліп, қиыршық тас төселген, жол тегістелген. Алайда жерлеу рәсімі кезінде тасжолдағы қозғалыс толығымен тоқтатылған. Жол полициясы көліктерді тоқтатып, жүргізушілерге бір сағаттан астам уақыт күтуге тура келген.
Жетісу облысының полиция департаменті тасжолдағы кептеліске байланысты түсініктеме берді.
«16 наурыз күні сағат 14:00 шамасында Талдықорған қаласына қарасты Еңбек ауылы маңындағы зиратта жерлеу рәсімі өтті. Оған 2000-нан астам адам қатысты, олар 500-ден астам көлікпен келген. Көліктердің көптігіне байланысты жолда кептеліс пайда болды. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тасжолға жол қозғалысын реттеуші полиция қызметкерлері қойылды», деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды