Экология министрі көлігін бес минутта қыздырып үлгерген бейнежазбасын жариялады
Фото: бейнероликтен скриншот
Экология министрі көлігін бес минут қыздырған бейнежазбасын әлеуметтік желіге жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
21 қаңтар күні Үкіметтегі брифинг кезінде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев көлік қыздыруға тіпті солтүстік аймақтардың өзінде бес минуттың жеткілікті екенін айтқан болатын.
Журналист министрдің бес минут туралы пікіріне, көптеген астаналықтардың келіспейтінін алға тартты.
«Бүгін мен көлігімді түнде далада қалдырамын — таңертең қарап, өз тәжірибемді өткіземін де, нәтижесін сіздерге айтамын», - деп уәде берді министр.
22 қаңтар кешке Экология министрлігі өзінің әлеуметтік желілерінде Ерлан Нысанбаевтың көлігін қыздырған кезін түсірген видеоны жариялады. Видеода министр Hyundai маркалы көліктің ішінде отыр, көлікке секундомер қосылған телефон орнатылды. Видеоның уақыты 2 минут 40 секунд болды, өйткені бейнероликтің бір бөлігі жылдамдатылған режимде түсірілген.
Ерлан Нысанбаев бейнежазбада өткен түні температураның −17°C болғанын айтады, бірақ ол қозғалтқышты 50 градусқа дейін жылыту жеткілікті деп сендіреді, осы температурада қозғалысты бастауға болады деп есептейді.
Секундомер 3:17-ті көрсеткенде министр былай дейді:
«Қозғалтқыш енді әлдеқайда жұмсақ жұмыс істеп жатыр, біз оны іске қосқанда дыбысы қаттырақ шықты, қазір ол жұмсарды». деді ол
Видеоны соңында, секундомер 5:00-ді көрсеткенде, Ерлан Нысанбаев:
«Қозғалтқыштың жұмыс істеуі дұрыс. Мен жолға шықтым. Барлығы қалыпты»,деп аяқтады министр.
Алайда, жарияланған бейнебаянға бірқатар сұрақ бар.
Біріншіден, министр көлікте отырған күйде түсірілген. Автомобильдің аспаптар панелі өшірілген, әйнектері мұздаған, бірақ соған қарамастан қозғалтқышты алдын ала жылытып қойған болуы мүмкін деген күдік туындауы мүмкін.
Екіншіден, видеода қозғалтқыштың температурасын көрсететін индикатор немесе қозғалтқыштың жеткілікті түрде қызғанын және жұмысқа дайын екендігін хабарлайтын белгілер көрсетілмеген. Сонымен қатар, тахометрдің көрсеткіштері де көрінбейді. Видеода негізгі назар секундомерге аударылған, ал аспаптар панелі көрсетілмеген.
Үшіншіден, видеода Ерлан Нысанбаев тек артқа жүріп, кейін шегінді, бірақ ол жолда қалай жүріп жатқанын көрсетпейді.
Жаңалықтар
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді