«Эйр Астанадан» халық әртісі Бибігүл Төлегеновадан кешірім сұрау талап етілді
Фото: TripTonkosti
«Эйр Астана» әуе компаниясының президенті Питер Фостердің атына үндеу жолдап, олардан халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға дөрекі қарым-қатынас жасағаны үшін кешірім сұрау талап етілді, деп хабарлайды Orda.kz Лека Савельеваның Facebook парақшасына сілтеме жасап.
«3 қыркүйекте сағат 10.30-да Астанадан Алматыға ұшатын «Эйр Астана» әуе компаниясының 852 рейсінде қоғамымыздың қайда бара жатқаны туралы ойлануға мәжбүрлейтін жантүршігерлік оқиға болды. Аты аңызға айналған әнші, КСРО халық әртісі және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова әуе жолаушыларының ұшаққа отыру үшін шығар дәліз бойымен өтуін бақылаған «Эйр Астана» қызметкерінің дөрекілігі мен құрметсіздігіне тап болды» деп жазды Лека Савельева.
Әуе компаниясы қызметкерлеріне Бибігүл Ахметқызының омыртқасында ауыр ақау бар екені айтылды. Арбаға таңылған әртісті қызы алып келе жатқанда, оларды кенеттен Эйр Астананың қызметкері тоқтатып, арбадағы жолаушылар бірінші болып отырғызылуы керек немесе соңғы жолаушы өткенше күту керек деп қатты айтты.
Содан кейін халық әртісі оның Астананың Құрметті азаматы екенін және аз да болса ережеден ауытқуға тура келетінін айтқан.
Ол «Эйр Астанадан» кешірім сұрауды және үлкендерге құрмет көрсетуді үйренуді талап етті. Әуе компаниясының баспасөз қызметі бұған жауап қайтарып, халық әртісіне деген құрметін білдірді, бірақ кешірім сұрамады.
«Халықаралық авиациялық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушылар отырғызудың басында немесе соңында бортқа шақырылады. Бұл ереже барлық жолаушыларды отырғызу үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар терминалдан эвакуациялау ережелерімен анықталады. Бізге жеткен мәлімет бойынша, ҚР халық әртісі Бибігүл Төлегенова ханым және оны ертіп келген қызы отырғызу басталғаннан кейін келген, сондықтан авиакомпанияның агенті отырғызу аяқталғанша күтуді сұраған. Әуе компаниясы түсініспеушілікке өкініш білдіреді және қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында бұл іске қосымша тексеру жүргізеді» деп хабарлады компания.
Жаңалықтар
- Наурызнама мерекесі аясында 747 спорттық іс-шара өтеді
- 16 наурызға арналған ауа райы болжамы: Бірқатар өңірде дүлей дауыл соғады
- 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленді: Жазда парламент сайлауы өтеді
- Бүгін Оскар сыйлығының 98-ші марапаттау рәсімі өтеді
- Exit-poll: Референдумда 86,7% дауыс беруші жаңа Конституцияны қолдады
- Иранның жаңа рухани көшбасшысы Моджтаба Хаменеи Ресейге жеткізілді — БАҚ
- Жауапкершілікке тек бір азамат тартылды: Бас прокуратура мен ІІМ Референдум қорытындысын айтты
- Қазақстанда референдумдағы дауыс беру аяқталды
- Референдум-2026: Дезинформацияға қарсы күрес орталығы желідегі жалған ақпараттарды тіркеп жатыр
- Заңсыз активтерді қайтару аясында мемлекетке 1 трлн теңгеден астам қаржы құйылды – Бас прокуратура
- Қазақстанда сағат 16:00-дегі жағдай бойынша референдумдағы алдын ала қатысу көрсеткіші 64,43% болды
- Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың екі шартын атады
- Референдум: Қаныш Сәтбаев атындағы университетте қалай өтіп жатыр?
- Назарбаев: Бір кезде мен Тоқаевты таңдадым, қазір де қолдаймын
- Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін журналистермен брифинг өткізді
- Қуандық Рахым референдумда дауыс берді, Димаш денсаулығына байланысты қатыса алмады
- Референдум: Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?
- Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр
- Референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы ақпарат жаңарды
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді