Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
Фото: Juedische-allgemeine
Израильдің қорғаныс министрі Израэль Кац Иран жаңадан тағайындаған кез келген басшы «ескі саясатты» қолдаса оның да көзін жоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Министр бұл туралы X әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Иран террористік режимі тағайындайтын кез келген лидер Израильді жою бағдарламасын жалғастырып, АҚШ пен еркін әлемді және аймақ елдерін қауіпке тіксе, сондай-ақ иран халқына қысым жасаса — оның да көзін жоямыз», — деді Кац.
Қорғаныс министрі жаңа басшының аты мен жасырынған орны маңызды емес екенін баса айтты. Сонымен қатар, Израэль Кац Израиль соғыс әрекетін бар күшімен жалғастыратынын, АҚШ-пен бірге иран халқына ескі саясатты құлатуға және ауыстыруға жағдай жасайтынын мәлімдеді.
Айта кетейік, бүгін, 4 наурызда БАҚ-та марқұм Әли Хаменеидің екінші ұлы билік басына келгені туралы ақпарат тарады. Иранның сарапшылар кеңесі Моджтаба Хаменеиді Ислам Республикасының келесі жоғарғы көшбасшысы етіп сайлаған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты