Израиль Египетпен қақтығысты тоқтатудан бас тартты

cover Фото: EPA/Vostock-photo

Израиль Египеттің Газа секторымен гуманитарлық бітім құру туралы өтінішін қабылдамады.

Бұл туралы Orda.kz Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

– Израиль Египеттің гуманитарлық бітім туралы өтінішін қабылдамады. Египет делегациясы әскери операция басталуынан қорқып, Тель-Авивтен кетті, - деп хабарлады телеарна.

Египет делегациясы бітімгершілікке келу үшін Газа секторы мен Тель-Авивке барды.

Еске салсақ, 11 мамырда кешке Палестина анклавының шекарасында соңғы жылдардағы ең үлкен эскалация басталды. Израиль армиясы мен Газа секторындағы палестиналық топтар 700-ден астам палестиналық зардап шеккен Шығыс Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіндегі тәртіпсіздіктерден кейін зымыран шабуылдарын жалғастыруда.

Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша Израиль соққыларынан 109 палестиналық қаза тапты. Израильде бес адамның, оның ішінде бір сарбаздың өлімі жарияланды.

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Газа секторындағы әскери әрекеттерді тоқтатуға шақырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар