Іздеуде жүрген педофил Түркиядан Маңғыстауға келген кезде ұсталды

cover Фото: freepik.com

Кәмелет жасқа толмаған баланы зорлау ісі бойынша іздеуде жүрген қазақстандық Түркиядан Маңғыстауға келген бетте ұсталды, деп хабарлайды  Orda.kz. 

Бұл туралы көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«5 ақпанда Маңғыстау теміржол станциясында 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынас жасағаны немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер істегені үшін халықаралық іздеу жарияланған ҚР азаматы ұсталды. Ол Қазақстанға Түркиядан келген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлайды көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі. 

Осы жылы полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік ішінен 23 қылмыскерді ұстаған. Олардың жетеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал 16-сы іздестіру бөлімдеріне берілген.

Сонымен қатар 8 ақпанда Алматы халықаралық әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Ер адам 2023 жылдан бастап Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 132-бабында көзделген қылмыс (жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық) жасағаны үшін іздеуде болды. Ұсталған адам Қазақстанға Грузиядан келген. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар