Итті балтамен ұрған әйелдің қылығы ел ашуына тиді (видео)

cover

Алматы облысында итті балтаның сабымен сабағандардың қылығы желіде жарияланды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Chip_and_dail_animalhelp еріктілер тобы әлеуметтік желідегі парақшасында болған оқиғамен бөлісті. Жазба мәтініне сәйкес, бұл Бәйтерек ауылында орын алған.

– Евгения таңертең көрші үйдің ауласына екі итті арқанмен алып бара жатқанын көрген. Түскі уақытта олар жақын жерден шыққан иттің аянышты дауысын естіген. Олар көшеге шыққанда, көршісінің ағашқа байланған иттің басынан балтаның сабымен ұрғанын көріп, тоқтатуын сұрап айқайлаған. Итті сабаған адам балтаны лақтырып, үйге кіріп, пышақ алып шыққан. Адамдар одан әрі іс-әрекетті күтпей, итті өз ауласына алып кетіп, оқиғабойынша арыз және түсіндірме хат жазды, - делінген жазбада.

Аталған жағдайды әйел адамның істегені және ол жерде кәмелет жасына толмаған балалардың болғаны айтылды.

Кейінірек иттің ветеринарлық клиникаға түскені белгілі болды, оның жағдайы ауыр.

– Жабық бас сүйек-ми жарақаты, ісіну, гематомалар және жарылу. Мұрын көпіріндегі қатты ісіну. Бастағы бірнеше тесік. Шамасы, балта сабында шеге болған, ол бірнеше жерден теріні тесіп өткен. Мұрын мен көзден қан кеткен. Аяғын нашар басады және көздері өте қатты ісінген, - деді еріктілер.

Жазбадағы болжамға байланысты итті ұрғандар оны өлтіріп, етін жегісі келген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар