Испания Еуропа біріншілігінің чемпионы

cover Фото: REUTERS

Испания 2024 жылғы Еуропа біріншілігінің жеңімпазы.

Испания финалдық ойында ағылшындарды 2:1 көрсеткішімен жеңіп, Еуропа чемпионы атанды.

Еске сала кетсек, Испания құрамасы В тобында Италия, Хорватия және Албания құрамаларына қарсы үш ойында да жеңіске жетіп, бірінші орыннан  келесі кезеңге шыққан болатын. 1/8-де Грузия құрамасын 4:1, 1/4-те қосымша уақытта немістерді 2:1, жартылай финалда Франция құрамасын 2:1 жеңіп финалға шықты.

Финалдық ойында Испания құрамасын Нико Уильямс 47 минутта гол соғып алға шығарды, 73 минутта ағылшындардың ойыншысы Коул Палмер есепті теңестіргенімен, 86 минутта Микель Оярсабаль шешуші гол соғып Испания құрамасы тарихында 4-ші рет Еуропа чемпиондығына қол жеткізді.

Доданың үздік ойыншысы Манчестер Сити футбол клубының ойыншысы Родри атанды.

Ағылшындар қатарынан екінші Еуропа біріншілігінің финалдық ойынында ұтылды. 2020 жылы Италия құрамасы ағылшындарды жеңіп, чемпиондықты алған болатын. Ағылшындардың үлкен жарыстарды жеңбегеніне 58 жыл болды. Соңғы жеңіс 1966 жылғы әлем біріншілігі.

1 ай жалғасқан Еуропа біріншілігі өз мәресіне жетті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар