Иранның жаңа рухани көшбасшысы Моджтаба Хаменеи Ресейге жеткізілді — БАҚ

cover Фото: wikipedia.org

Иранның жаңа жетекшісі Моджтаба Хаменеи АҚШ-Израиль бомбалауы кезінде жарақат алғаннан кейін аса құпия операция арқылы Ресейге жеткізілгені хабарланды, деп хабарлайды Orda.kz.

AJ Jariba мәліметіне сүйенсек, ол Мәскеуде Ресей әскери ұшағымен жеткізіліп, президенттік резиденциялардың біріндегі жеке ауруханада сәтті операциядан өткен және қазір ем қабылдап жатыр.

Иранда жалғасып жатқан бомбалаулар мен қауіпсіздік мәселелеріне байланысты емді Ресейде өткізу туралы шешім қабылданған. Мәлімет бойынша, Ресей президенті Владимир Путин бұл көмекті Иран басшылығымен телефон арқылы сөйлескенде ұсынған.

Сонымен қатар, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Моджтаба Хаменеидің жағдайы мен орналасқан жері туралы Израильде барлау ақпараты болуы мүмкін екенін меңзеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар