Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»

cover Фото: EADaily

Иранның Қазақстандағы елшісі Әли Акбар Джоукар журналистерге берген сұхбатында Тегеран Қазақстан мен Орталық Азия елдерін нысан ретінде қарастырмайтынын және ешқандай қауіп төндірмейтінін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Оның сөзінше, теориялық қауіп тек Иранның өзінде тұрақсыздық болған жағдайда ғана болуы мүмкін. Сол кезде Таяу Шығыстан террористік топтардың ену қаупі туындайды. Алайда елде тұрақтылық сақталса, мұндай қауіп жоқ.

«Геосаяси тұрғыдан алғанда, болашаққа қатысты айқын перспектива жоқ. Егер болашақта Орталық Азияда геосаяси жағдайлар бола қалса, ол Иранға қатысты болмайды. Бұл үлкен державалар арасындағы бәсекелестік болады», – деді елші.

Айта кетейік, БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Иранға көршілес елдерге шабуылды дереу тоқтатуды бұйыратын қарар қабылдады. Аталған қарарды БҰҰ-ның халықаралық құқық пен қауіпсіздікті қолдауға жауапты негізгі органына мүше 15 мемлекеттің 13-і мақұлдады. Тек Қытай мен Ресей ғана оған қарсы дауыс берді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар