«Ираннан тасыған» Темекіні заңсыз саудалаған қазақстандық 10 жылға сотталды

cover Коллаж: Orda.kz

Темекіні заңсыз тасымалдаған қазақстандық 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Ақтау қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісіне қатысты сот үкімі шықты. ҚР Бас көлік прокуратурасының мәліметіне қарасақ, бірнеше жыл бойы топ мүшелері Қазақстанға темекі мен темекі өнімдерін заңсыз әкеліп, тауардың жалпы құнын миллиард теңгеге жеткізген.

Қылмыстық топ 2016-2018 жылдар аралығында темекі мен шылым өнімдерін Қазақстанға құрылыс материалдарын әкеліп жүрміз деп алдап, жасырып тасымалдаған. Осы уақыт аралығында Ираннан біздің елге бір миллиард теңге көлеміндегі тауар жеткізілген.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы халықаралық іздеуде болып, Әзірбайжан Республикасынан экстрадицияланды. Топтың қалған мүшелері түрлі жазаларға тартылды.

Ақтау қалалық соты қазақстандық азаматты қылмыстық топты құрып, басқарғаны үшін 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар