Ирандағы президенттік сайлаудың екінші кезеңі Масуд Пезешкянның жеңісімен аяқталды

cover Фото: REUTERS / Majid Asgaripour

Бұрынғы реформаторлық денсаулық сақтау министрі Масуд Пезешкян Иранның тоғызыншы сайланған президенті болады, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы IRIB телеарнасының эфирінде республиканың сайлауалды штабының ресми өкілі Мохсен Эслами мәлімдеді. Пезешкян 16 миллион дауыс жинай алды – жалпы дауыстың 53,6 пайызы. Оның қарсыласы консерватор Саид Джалили 13,5 миллион дауыс – 44,3% жинады.

Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, сайлаушылардың 49,8 пайызын құраған.

Ирандағы президенттік сайлаудың бірінші кезеңі 28 маусымда өтті, бірақ кейін президенттікке үміткерлердің ешқайсысы 50 пайыздан астам дауыс жинай алмады.

Иранда президент Эбрахим Раиси ұшақ апатынан қайтыс болғаннан кейін мерзімінен бұрын президент сайлауы тағайындалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар