Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз 

cover Фото: parstoday.ir

Иран Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқ. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Маджид Тахт-Раванчи AFP агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды  Orda.kz.      

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық әскерилер бұғаз маңында мина орнатуға бағыт алған 28 иран кемесіне соққы жасағанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ ол Иран кейбір елдердің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат бергенін айтты, бірақ қай елдер екенін нақтыламады.

«Кейбір елдер бұғаз арқылы өту мүмкіндігі туралы бізбен сөйлесті, және біз олармен ынтымақтастыққа келдік», — деді Тахт-Раванчи. 

Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс Ормуз бұғазы төңірегінде жаңа сипат алды. Иран билігі бұғазды миналағаны туралы айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарды. Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Маджид Тахт-Раванчи бұл айыптаулар шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп егер Иран Ормуз бұғазын миналайтын болса, бұл «бұрын-соңды болмаған әскери салдарға» әкелетінін айтып, сес көрсетті.

Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Маджид Тахт-Раванчи AFP агенттігіне берген сұхбатында Иран Ормуз бұғазына мина орнатты деген мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.

«Әрине, жоқ. Бұл — шындыққа жанаспайды», — деп Раванчи Тегеран үкіметі мұндай әрекетке бармағанын баса айтты.

Соңғы күндері кейбір батыстық дереккөздер Иран стратегиялық маңызы зор су жолына миналар орнатты деп мәлімдеген болатын. Бұл ақпараттар әлемдік энергетикалық нарықтарда үлкен алаңдаушылық туғызды.

Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар