Иран Лариджанидің өлімін растады, Израильге түнімен соққы жасалды — Таяу Шығыстағы жағдай

cover Әли Лариджани. Фото ЖИ көмегімен жасалған

Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс бұрыннан өңірлік деңгейге шығып кеткен. Қазір бұл тек екі елдің текетіресі емес — оған Ливан, Парсы шығанағы және сыртқы державалар қатысқан көпқабатты соғыс жүріп жатыр. Orda.kz тілшісі аймақтағы жағдайға шолу жасайды.

Израильдің соққылары және Тегерандағы операциялар

Израиль армиясы Тегеранда «Басидж» күштері нысандарына соққы жасап, олардың оннан астам бекетін жойғанын мәлімдеді. Әскерилердің айтуынша, кейбір әскери нысандар азаматтық инфрақұрылым ішінде жасырылған. Соның бірі — бұрын футбол клубы орналасқан ғимарат.

Ең атышулы оқиға — Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджанидің қаза табуы. Ол Тегеранда қызының пәтерінде болған кезде соққыға ұшыраған. Онымен бірге ұлы мен бірнеше серігі де көз жұмған. Бұл — тек әскери емес, саяси соққы. Себебі Лариджани Иранның қауіпсіздік жүйесіндегі негізгі тұлғалардың бірі болған.

Иранның жауабы: зымырандар мен дрондар

Лариджанидің өлімінен кейін Иран жауап ретінде Израильге жаппай зымыран және дрон шабуылдарын бастады. Шабуылдар түні бойы жалғасты. Израильдің әуе қорғанысы жүйелері көп бөлігін ұстап қалды. Дегенмен толық қорғау мүмкін болмады.

Ел армиясы таратқан хабарламаға сәйкес, Рамат-Ган қаласында бір отбасы қаза тапты, бірнеше адам жараланды. Ал құлаған бөлшектер өртке себеп болды. Иран бұл шабуылдарды «жауап соққы» деп атады. 

АҚШ не істеп жатыр: Ормуздағы соққылар

Қақтығысқа АҚШ та тікелей кірісті. Америкалық әскерилер Ормуз бұғазы маңындағы ирандық ракеталық нысандарға ауыр бомбалармен соққы жасағанын мәлімдеді. Нысана — халықаралық кеме қатынасына қауіп төндірген жағалаудағы зымыран жүйелері.

Бұл қадам екі нәрсені көрсетеді. Біріншіден, АҚШ тек бақылаушы емес, белсенді ойыншыға айналды. Ормуз бұғазы — енді негізгі геосаяси нүкте. Ливан бағытында «Хезболла» қайта соққы астында. 
Израиль Ливанның оңтүстігінде «Хезболла» инфрақұрылымына жаңа әуе шабуылдарын бастады. Бұған дейін аймақ тұрғындары эвакуацияланған.

Фото: CENTCOM

Соққылар зымыран ұшыру қондырғыларына, қарулы топтардың позицияларына бағытталған
Бұл Израильдің бір уақытта бірнеше бағытта соғыс жүргізіп жатқанын көрсетеді.

Парсы шығанағы: жаңа коалиция пайда болуы мүмкін

БАӘ АҚШ бастаған Ормуз бұғазын қорғау миссиясына қосылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Әзірге нақты шешім жоқ, бірақ келіссөздер жүріп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, Иранның шабуылдары араб елдерін Израильге жақындатуы мүмкін. АҚШ-тың аймақтағы рөлі күшейеді. Яғни, бұл тек әскери емес, саяси қайта топтасу.

Ішкі қысым: тыңшылық және жазалау

Иранда Израиль пайдасына тыңшылық жасады деп айыпталған Сайрус Кейваниға қатысты өлім жазасы орындалды. Бұл туралы елдің сот жүйесіне қарасты Mizan агенттігі хабарлады. 

Мәліметке сәйкес, ол «Моссад» қызметкерлеріне елдегі маңызды нысандардың суреттері мен ақпараттарын беріп отырған. Бұл ел ішіндегі қауіпсіздік режимінің күшейгенін, ішкі қысымның артқанын көрсетеді. 

Ресей факторы: көлеңкедегі қолдау

Батыс басылымдарының мәліметінше, Ресей Иранға әскери және барлау көмегін күшейткен. Айтылып отырған көмектерге тоқталсақ, ақпараттарға сенсек, спутниктік суреттер, дрон технологиялары, әскери тактика бойынша кеңестер бар. Бұл қолдау Иранның АҚШ күштеріне қарсы соққыларында байқалған.

Сарапшылар мұны Мәскеудің соғысты созуға мүдделі екенімен байланыстырады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар