Иран-Израиль қақтығысы: Женевадағы келіссөздер сәтсіз аяқталды
Фото: Freepik.com
Жұма күні Иран СІМ делегациясы еуропалық сыртқы істер министрлерімен Женевада келіссөздер жүргізді. Иран өкілдері Израиль агрессияны тоқтатқаннан кейін Тегеран Батыспен диалогқа дайын болатынын мәлімдеді. Алайда келіссөздердің түйіні шешілген жоқ, деп хабарлайды Orda.kz The Wall Street Journal-ға сілтеме жасай отырып.
Басылымның жазуынша, Израиль қорғаныс армиясының бас штабының басшысы Эяль Замир Иранмен соғыс ұзаққа созылуы мүмкін екенін ескертіп, оны ел тарихындағы ең күрделі әскери науқан деп атады.
Бейсенбі күні Трамп Иранға «екі апта ішінде» соққы беру туралы шешім қабылдайтынын айтты. Бұған дейін ол өзінің көмекшілеріне Иранға шабуыл жасау жоспарын мақұлдағанын, бірақ Тегеран өзінің ядролық бағдарламасынан бас тарта ма деп күтіп отырғанын айтқан болатын.
Ал АҚШ президенті Израильге әуе соққысын қысқартып, келіссөздерді жалғастыруға мүмкіндік беру үшін қысым көрсете алмайтынын мәлімдеді.
«Менің ойымша, қазір мұндай өтініш айту өте қиын. Егер біреу жеңсе, біреу жеңілгеннен сәл қиынырақ. Бірақ біз Иранмен келіссөз жүргізіп жатырмыз және не болатынын көреміз» деген оның сөзін Reuters жариялады.
Трамп келіссөз жүргізушілердің оқ атуды тоқтатуға қол жеткізетініне күмәнданып:
«Иран Еуропамен сөйлескісі келмейді. Олар бізбен сөйлескісі келеді. Еуропа бұған көмектесе алмайды», - дедә ол.
Ал Иран елдің уранды байыту құқығын талап етіп отыр.
Reuters хабарлағандай, сенбі күні таңертең Иран мен Израиль бір-біріне тағы шабуыл жасады. Тель-Авивті қоса алғанда, орталық Израильдің кейбір бөліктерінде, сондай-ақ Иордан өзенінің батыс жағалауында әуе дабылы іске қосылды. Сонымен қатар, Израиль Ирандағы зымыран сақтау және ұшыру нысандарына жаңа шабуылдарды бастады, деп мәлімдеді Израиль әскерлері.
Жаңалықтар
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды