Иран АҚШ-тың әскери ұшақтарын сатып алғысы келеді
Фотo: img.tsargrad.tv
АҚШ пен Иран арасындағы жанама келіссөздердің екі кезеңі өтті. Келіссөздер Оманның арағайындығымен ұйымдастырылған, деп хабарлайды Orda.kz CBS News-ке сілтеме жасап.
Тараптар екі елге де экономикалық тұрғыдан тиімді болуы мүмкін келісім нұсқаларын талқылаған. Иран АҚШ-тан санкцияларды жеңілдетуді сұрап отыр. Сонымен қатар, Тегеран америкалық ұшақтарды сатып алуға, сондай-ақ мұнай-газ кен орындарына қолжетімділік беріп, бірлескен инвестициялық жобаларды қарастыруға дайын екенін білдірді.
Шенеуніктердің айтуынша, дипломаттар АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткоффке ядролық мәселені басқа даулы тақырыптардан бөлек қарастыруды ұсынған. Бұл Иранның АҚШ мүдделеріне қарсы әрекет ететін топтарды қолдауы және баллистикалық зымыран бағдарламасы. Мәліметке сүйенсек, Уиткофф бұл мәселелерді бөлек талқылау идеясын қолдаған.
Алайда мұндай тәсіл Израиль тарапына ұнамай отыр. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кез келген келісім тек ядролық бағдарламамен шектелмеуі тиіс екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, құжатта Иранның баллистикалық зымырандары мен өңірдегі қарулы топтарды қолдауы да қамтылуы керек.
Келіссөздер жалғасып жатыр. Тараптардың нақты келісімге қашан келетіні әзірге белгісіз.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Ұлттық Банк төрағасының орынбасары қызметінен кетті
- Иран АҚШ-тың әскери ұшақтарын сатып алғысы келеді
- Михаил Шайдоров Олимпиада-2026 гала-шоуында өнер көрсетеді
- Мәсімовтің самурай қылышы мен белдігі бастапқы бағадан әлдеқайда қымбатқа сатылды
- Павлодарлық тұрғын жууға әкелген көлігінен айырылып қалды
- Әйелі мен ұлын өлтірген азаматқа сот үкімі шықты
- Қазақстанда 37 градусқа дейінгі аяз болады
- Лақап аты «Грудак»: Қырғызстанда ҰҚМК-ның тағы бір қызметкері ұсталды
- Дильназ Ахмадиева ерекше балалардың құқығын қорғайтынын мәлімдеді
- Қарағандыда ережесіз жекпе-жек турнирінде 18 жастағы Арслан комаға түсті
- Шымкентте қаржы пирамидасымен айналысқан 10 адамға үкім шықты
- Уикипедиядағы даулы тұжырым: Тазыны арабтар әкелді ме?
- Министрлік Android жүйесі бар қолданушыларға ескерту жасады
- Алматыда ақпанда +22,8°С болды: Синоптиктер күрт жылыну себебін түсіндірді
- Трамп өзгеғаламашарлықтар туралы құжаттарды жариялайтынын айтты
- Елімізде такси қызметі 17%-ға қымбаттады
- 583 млн теңге жымқырған: Түркістанда 18 адам сотталды
- Қазақстанда телефон нөмірін бір оператордан екіншісіне көшіру тәртібі өзгеруі мүмкін
- Qarakesek атымен танылған рэперге сот үкімі шықты
- Олимпиада-2026: Софья Самоделкина ел көрсеткішін көтерді