Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты

cover Фото: Бейнеден кадр

Парсы шығанағы маңында Ирактың бір мұнай танкерінде жарылыс болды. Танкерге Иран кемесі шабуыл жасаған болуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz CNN арнасына сілтеме жасап.

Ирак порт компаниясының басшысы хабарлағандай, жарылыстан кейін бір кемеде өрт шығып, кейін екінші танкерде де жалын шыққан. Екі кемеден 38 адам құтқарылған. Бірақ кемедегі бір экипаж мүшесі қаза тапты. 

Ирак порт компаниясының бас директоры Фархан аль-Фартуси CNN арнасына берген сұхбатында құтқарылған 38 адамның барлығы шетелдік азаматтар екенін айтты.

Басрадағы Ирак қауіпсіздік қызметтерінің дерегі бойынша, шабуылға бомба орнатылған ирандық кеменің қатысы болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.

Аль-Фартуси шабуылдан кейін мұнай порттарының жұмысы тоқтатылғанын айтты. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар