Инвесторлар Қараой зауыты жабдықтарына меншік құқығын талап етті
Фото: видеодан кадр
2025 жылғы 8 қаңтарда Алматы облысы Қараой ауылындағы май өнімдерін өндіру зауытының жабдықтарына қатысты қақтығыс өршіп отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
«Апорт» сауда орталықтарының инвесторы және тең иесі Дмитрий Ревин бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан мәселе туралы айтты.
«2021 жылдан бастап біз зауытқа қаржы салдық, бұл оның жұмысын қайта бастауға және 50-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Біз майды сығу және экстракциялау жабдықтарын орнаттық. Бұл жабдық ресми түрде әкелінді, тауар декларациялары мен сатып алу-сату шарттары бар. Алматы облыстық сотының шешімімен біздің жабдыққа меншік құқығымыз расталды. Сот жабдықтарды тәркілеугее шешім шығарды, алайда бүгінгі күнге дейін 2024 жылдың наурыз айынан бері оны үшінші тарап ешқандай төлемсіз пайдаланып жатыр», – деді Ревин.
Ревиннің айтуынша, 2024 жылдың тамыз айында үшінші тарап жабдыққа меншік құқығын даулауға Іле аудандық сотына талап арыз берген, бірақ ол қараусыз қалдырылған. Соған қарамастан, 2024 жылдың қараша айында сол сияқты талап арыз берілді. Сот процестері жалғасуда, ал жабдық меншік иелерінің келісімінсіз пайдаланылып жатыр.
«Іле аудандық сотында жабдықты сатып алу мәмілелерін жарамсыз деп тану туралы азаматтық іс қаралуда. Талапкер меншік құқығын растайтын дәлелдер ұсынған жоқ, ал біздің тарапымыздан барлық қажетті құжаттар, соның ішінде түпнұсқалар берілді. Сондай-ақ, өз бетінше билік ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу соты жабдықтарды тәркілеуді санкциялады, алайда талапкер оның орындалуына кедергі келтіріп, процесті созып отыр», – деп түсіндірді компанияның заңгері Тимур Расылов.
Заңгердің айтуынша, талапкердің процессуалдық құқықтарын асыра пайдалануы анық көрінеді. Ол соттың әділ шешім шығаратынына сенім білдірді.
Даудың жалғасы
Қазіргі уақытта азаматтық және қылмыстық істер аясында отырыстар жалғасуда. Олардың бірі жабдық орналасқан жерде тікелей өтті. Келесі онлайн-отырыс жоспарланған. Инвесторлар өз құқықтарын қалпына келтіруді және жеке меншік мүлкін қорғауды үміттенеді.
«Мемлекеттік органдар сот шешімдерін орындай бастайды және жабдық біздің меншігімізге қайтарылып, одан әрі пайдалануға мүмкіндік туады деп сенеміз», – деп атап өтті Дмитрий Ревин.
Заңгердің пікірі
Заңгер Тимур Расыловтың айтуынша, оқиға «VORTEX GROUP» (ВОРТЕКС ГРУПП) ЖШС компаниясына қаржылай көмек берген үш тұлғаға қатысты оқиға түсініксіз, жемқорлық, сыбайластықтың белгілері нақты көрінуде, салдарынан мүдделі тұлғалар заңның жұмыс істеуіне кедергі келтіруде. Кесірінен, үш тұлға өздеріне тиесілі құрылғысына қолдарын жеткізе алмай отыр.
Сонымен қатар, заңгер үш тұлға 2021 жылы «VORTEX GROUP» (ВОРТЕКС ГРУПП) ЖШС компаниясына қаржылай көмек беріп, ЖШС «VORTEX GROUP» (ВОРТЕКС ГРУПП) қаржылай көмекке екі құрылғы алып «КМ Агро Трэйд» ЖШС-нің ғимаратына орналастырған деп есептейді. Межелі уақытта «VORTEX GROUP» (ВОРТЕКС ГРУПП) ЖШС қаржыны уақытылы қайтара алмағандықтан, орнына екі құрылғыны өтемақы ретінде үшеуіне ұсынған.
«2018-2023 жылдар аралығында «КМ Агро Трэйд» ЖШС-гінде қаржылай сауықтандыру орын алған. Сондықтан, 2021 жылы ЖШС «VORTEX GROUP» (ВОРТЕКС ГРУПП)алған екі құрылғы «КМ Агро Трэйд» ЖШС-нің балансында бола алмайды. 2022 жылы «КМ Агро Трэйд» ЖСШ иесі қайтыс болған. Салдарынан, оның мұрагерлік мүліктерін банк арқылы «Халық май ПРО» ЖШС компаниясы сатып алған соң жағдай одан әрі күрделене түсті», – деді заңгер.
Заңгердің айтуынша, 2023 жылы сауықтандыру процесі аяқталғаннан кейін, «Халық май ПРО» ЖШС компаниясы құрылғыларды сатып алу туралы келіссөздер жүргізген, ал кейін бас тартқан. Сол себепті құрылғы иелері «КМ Агро Трэйд» ЖШС ғимаратында орналасқан екі құрылғысын алуға барғанда, «Қазақ ойл» басшылары екі құрылғыны беруден бас тартқан. Осы жағдайдан соң, құрылғы иелері құзыретті органға арызданған. Сәйкесінше іс қозғалып, құрылғыны алып кетуге сот тергеуі қаулы шыгығрған. Бірақ, «Халық май ПРО» ЖШС басшылары, құзырлы органның қойған мөрлерін шешіп, екі қондырғыны іске қосып, тергеу сотының қаулысын орындаудан бас тартқан. Ал, екі қондырғы иелері мен қатар, құзырлы органның қызметкерлеріне ғимаратқа кіруге рұқсат бермеген. Демек, қолдарында бір құжаты жоқ «Халық май ПРО» ЖСШ басшылары өзіндік билік етумен айналысып отыр.
«Салдарынан, қылмыстық іс төрт рет заң ережесіне сай емес қысқартылған. Соңғы рет 2024 жылдың 27 желтоқсанында прокурор, мұрагер Э. Абрамянның екі құрылғының ғимаратта қайдан пайда болғанын білмеймін, сондықтан «Халық май ПРО» ЖШС -не бере салдым деген жауабымен қатар, араларында келісім шарттың жоқтығын біле тұра, бұл дау азаматтық сотта қаралуы тиіс деген қорытындыға келіп қылмыстық істі заңсыз әрі негізсіз қысқарқтан. Бұл оқиға, мүдделі прокурорлардың ықпалының кесірінен сотқа дейінгі тергеуі нысанды тексерілмегенін көрсетеді», – деп түйіндеді Тимур Расылов.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды