Илон Масктың әуе кемесі ұшырылғаннан кейін бірнеше минуттан соң жарылып кетті
Фото: SpaceX
SpaceX Starship әуе ұшағы ұшырылғаннан кейін бірнеше минуттан соң жарылып кетті. Бұл әуе кемесінің биылғы жылы екінші сәтсіз сынағы, деп хабарлайды Orda.kz.
SpaceX-тің Starship ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін жердегі басқару қызметімен байланысын үзді. Бірнеше минуттан соң ол құлай жөнелді. Салдарынан федералды авиация басқармасы Флоридадағы бірнеше әуежайларда әуе қозғалысын тоқтатуға мәжбүр болды.
Илон Масктың тағы бір әуе кемесі екі ай бұрын апатқа ұшыраған. Ұзындығы 403 фут (123 метр) зымыран Бока Чикадағы SpaceX қондырғысынан жергілікті уақыт бойынша 18:30 шамасында ұшырылды.
Ұшудың бірінші кезеңі сәтті болғанымен, кейін әуе кемесінде олқылықтар туындады.
«Өкінішке қарай бұл да іске аспады. Сондықтан қазір бізге біраз тәжірибе керек», - деді SpaceX өкілі Дэн Хуот іс-шараның тікелей эфирінде.
SpaceX Starship екі сатыдан тұрады. Бұл массасы мен өлшемі бойынша ең үлкен және тарихтағы ең қуатты зымыран тасығыш. Ол жүктерді және адамдарды жерге жақын орбиталарға, сондай-ақ Ай мен Марсқа планетааралық мекендерге жеткізуге арналған.
Кеме сынақтарындағы сәтсіздіктер Масктың адамдарды Марсқа жеткізу бағдарламасын сәтті орындауына күмән тудырады.
Жаңалықтар
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр
- Израиль Каспий теңізі аймағындағы Иран нысандарына шабуылдады
- Таяу Шығыстағы жағдай: Трамптың мың құбылуы мен жоғары лауазымды тұлғалардың өлімі
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды
- Қырғызстанға оралған Қамшыбек Тәшиев тергеліп жатыр — дереккөз
- Трамп: Израиль енді Ирандағы «Оңтүстік Парс» кен орны нысандарына соққы жасамайды
- Екібастұз ресми түрде моноқала мәртебесінен шығарылды
- Наурыз көже: жеті дәмнің мәні мен ғасырлардан жеткен аңыздар
- Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге талап күшейді
- Хайп пен қылмыс: Қазақстанда блогерлерге қатысты бопсалау істері көбейді
- Ақтөбе облысында автобус жүргізушісі жолаушыларды бала-шағасымен қоса айдалаға тастап кеткен
- Атырауда бастауыш сынып мұғалімі қаза тапты
- Қазақстанда халықтың қанша пайызы кедей? Статистика жарияланды
- Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасына халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді тапсырды
- Талғардағы кісі өлтіру мен бала ұрлау қылмысы: Басты айыпталушы 25 жылға сотталды
- Иранның барлау министрі Исмаил Хатиб қаза болды