Илон Маскқа Ақ үйде кеңсе ашуға рұқсат етілмеді

cover Фото: kp.ru

Ақ үй аппаратының басшысы, бұған дейін «мұздай ханым» деген лақап атқа ие болған Сюзан Уайлс Масктың Трампқа кіруіне шектеу қойып, Ақ үйде кеңсе ашуға рұқсат бермеді,  деп хабарлайды Orda.kz сайты Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Уайлс Илон Маскты қатты сынға алып, оған Батыс қанаттағы кеңседен орын беруден бас тартты.

Миллиардердің «бірінші дос» мәртебесі туралы көп нәрсе айтылды, өйткені ол үкіметтің тиімділігі департаментінің төрағасы ретінде тіпті Трамп заң жобаларына қол қойған кезде жанында отырады.

Жалпы, басылымның жазуынша, Уайлс Масктың президентке ықпалын азайтып, демократтар әзілдеп атайтындай, оның елдің «тең президенті» болуына жол бермеуге тырысуда.

Республикалық партияның ардагері, 67 жастағы Уайлс Трамп Масктың Ақ үйдің Батыс қанатында кеңсесі болмайтынын растап, өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Басылымның хабарлауынша, Маск аталған кеңседен бірнеше метр қашықтықта кеңсе бөлуді талап еткен, бірақ оның DOGE командасы Ақ үйге қарсы көшеде орналасқан Эйзенхауэр ғимаратында орналасады деп шешілді. DOGE бас әкімшісі де Уайлсқа есеп беруі керек.

Дональд Трамптың аппарат басшысы Сюзи Уайлс «президенттің екінші мерзімі кезінде Илон Маскты кетіру жолымен болса да, қиындықтар мен оқыс оқиғалардан аулақ болуға» уәде берді.

Трамптың қызметіне кіріскеніне екі апта қалғанда, Уайлс сұхбатында оған қатал болатынын айтты.

«Мен жалғыз жұмыс істегісі келетін немесе жұлдыз болғысы келетін адамдарды қабылдамаймын. Мен және менің командам ғайбат сөзге, орынсыз күмәндануға немесе жосықсыздыққа жол бермейміз. Бұл біздің миссиямызға кері әсер етеді», - деді Уайлс. 


Трамптың президент ретіндегі бірінші мерзімі ішкі қақтығыстар мен ақпараттың сыртқа таралып кетуімен есте қалды. Көмекшілер Батыс қанат ішінде бәсекелестерімен президентке ықпал ету үшін бір-бірімен күресті. Бұл америкалықтарға Ақ үйдегі оқиғаларды реалити-шоуда көргендей әсер қалдырды.

Бұған дейін Илон Маск АҚШ президенті Дональд Трамптың инаугурациясының құрметіне арналған парадтағы өзінің оғаш қимылына қатысты пікір білдірген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Илон Маск Вашингтондағы Capital One аренасында ғаламшардың ең бай адамы Трамптың инаугурациясында қуанышты эмоцияларын жасырмай, «жеңіс осылай көрінеді» деді. Сөзінің соңында ол фашистік сәлемдесуге ұқсас қимыл көрсетті. 

Былтыр америкалық миллиардер және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск Украинадағы соғыс жақын арада аяқталады деп болжаған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар