Илон Маск Ресейден саяси баспана сұрады
Фото: Wikimedia commons / Tesla Owners Club Belgium
Ресейдің сыртқы істер министрлігі Илон Маскқа саяси баспана беру туралы өтініш түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында мемлекеттік дума төрағасының орынбасары Владислав Даванков хабарлады.
«Илон Маск бір қателіктер жіберген шығар. Бірақ ондай қателіктерді кешіруге болады деп ойлаймын. Егер ол жақта жағдайы қиындаса, біз оны қабылдауға дайынбыз. Ол – технология мен көрегендік жағынан өте ерекше тұлға», – деді Даванков.
Депутат өтінішті нақты кім жолдағанын айтпады. Алайда, оның сөзінше, СІМ бұл өтінішке бір ай ішінде жауап беруі мүмкін. Илон Маск әзірге бұл жағдайға қатысты пікірін айтпады. Ресейдің сыртқы істер министрлігі де түсініктеме бермеді.
Айта кетейік, осы айдың басында АҚШ президенті мен SpaceX негізін қалаушы Илон Маск арасында дау болып, екеуі де бір-бірін ашық сынаған болатын. Кейін олардың қайта татуласқанын БАҚ жарыса жазды.
Еске сала кетейік, Иранда бір апта бойы болып жатқан қанды қақтығыстардан кейін қазақстандық азаматтардың бір бөлігі Әзербайжан арқылы эвакуацияланды.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды