Илон Маск АҚШ-та жаңа саяси партия құрды
Фото: Allison Robbert/ AP
АҚШ-тағы танымал кәсіпкер әрі SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск Америкада жаңа саяси күштің құрылғанын хабарлады. Бұл туралы Orda.kz X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.
Маск бұл бастамасын «The America Party» деп атады. Партияның негізгі мақсаты — «америкалықтардың бостандықтарын қайтару» екенін атап өтті.
«Сауалнама нәтижесі бойынша екі адамның бірі жаңа саяси партияны қолдайтынын көрсетті — енді ол партия құрылды. Елді ысырап пен жемқорлық банкротқа жеткізген жағдайда, біз демократиялық емес, бірпартиялы жүйеде өмір сүріп жатырмыз. Бүгін The America Party құрылды — бұл сіздердің бостандықтарыңызды қайтару үшін жасалған қадам», — деп жазды Маск.
Миллиардер бұл мәлімдемемен қатар, өзі ұйымдастырған онлайн-сауалнама нәтижесін де жариялады. Оған 1,3 миллионға жуық адам қатысып, көпшілігі жаңа партияның құрылуын құптаған.
Маск бұл мәлімдемесін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қол қойған «Біртұтас, үлкен, әдемі» салық және шығындар туралы заң жобасынан кейін жасады. Құжат АҚШ-тың мемлекеттік қарыз шегін 5 триллион долларға арттыруды, бірқатар әлеуметтік бағдарламаларды қысқартуды және әскери шығындарды көбейтуді көздейді.
Илон Маск бұл бастамаға бұған дейін де қарсы шығып, билікті шамадан тыс шығын мен тиімсіз басқару үшін сынаған болатын.
Жаңалықтар
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр
- Тоқаев Трампқа «Артемида-2» миссиясы ғарышты игерудегі тарихи кезең екенін айтты
- Қостанай облысының тергеудегі экс-шенеунігіне қандай айып тағылды?
- Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына қанша қаржы құйды
- Тегеранға жасалған соққылар кезінде жараланған Хаменеидің кеңесшісі көз жұмды
- 25 млн теңге талап еткен: Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалаған бойжеткен ұсталды
- Еліміздің әртістері миллиардтаған табыстан қағылып келген
- Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын құттықтады
- Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды
- Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
- Қостанайда ер адам тұрғындарды алдап, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталды
- Импортқа тәуелділік қашан азаяды? Мәжілісте мұнай-газ мәселесі көтерілді