Іле-Алатау ұлттық паркінің 188 гектары жеке меншікке берілмейтін болды

cover ult.kz

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі учаскелерін туристік-рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді пайдалануға беру жөніндегі тендер мен конкурс жойылды.

Бұл туралы Orda.kz ұлттық парктің сайтына сілтеме жасап хабарлады.

– Бұған алдағы тендердің дұрыс белгіленбеуіне байланысты техникалық қателіктер себеп болды, - делінген хабарламада.

2021 жылы ақпанда Іле-Алатау ұлттық саябағында экологиялық туризм инфрақұрылымын дамытудың Бас жоспарын қарастыру бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Қоғамдық тыңдаулардың хаттамалары, конкурстық жобалар және конкурстық құжаттама ұлттық парк сайтында көпшілікке жарияланды.

Жақын арада «Іле-Алатау» мемлекеттік ғылыми-өндірістік кәсіпорны түсіндіру жұмыстарын және тендер мен конкурстың қоғамдық талқылауын өткізуді жоспарлап отыр. Қабылданған шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық парк Қоғамдық кеңесінің отырыстары өткізіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар