Іле-Алатау ұлттық паркінің 188 гектары жеке меншікке беріледі

cover ult.kz

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жерін туристік-рекреациялық қызмет үшін 25 жылға дейінгі ұзақ мерзімді пайдалануға және бес жылға дейін қысқа мерзімді пайдалануға беруге конкурс жарияланды.

Бұл туралы Orda.kz. хабарлады.

Жеке тұлғаларға бергелі отырған 35 учаскенің жалпы ауданы 187,7 гектарды құрайды.

Ұлттық паркте салғысы келетін нысандардың ішінде:

  • Шаңғы базасы. Ол үшін бірден Үлкен-Алматы орманшылығының 140 гектары бөлінеді
  • Эко-қонақ үй 1,5 гектар алаңда
  • Балалар лагері
  • Туристік-сауықтыру орындары
  • Шатырлы лагерлер
  • Қоғамдық тамақтандыру орындары

Конкурстық өтінімдер 26 сәуірге дейін Таусамалы шағын ауданы, Жандосов көшесі, 1 мекен-жайы бойынша жіберілуі керек.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар