Халық жазушысы Темірхан Медетбек өмірден озды
Темірхан Медетбек. Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Темірхан Медетбек 81 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Ведомствода атап өткендей, ақын тәуелсіздік жылдары әдебиеттің дамуына баға жетпес үлес қосты. Ол сын және публицистика саласында батыл ойлар мен өткір пікірлер айтты.
Темірхан Медетбек 1945 жылы 6 наурызда Түркістан облысында дүниеге келген. Түркістан қаласында орта мектепті тәмамдаған соң туған ауылында колхозшы, аудандық газетте корректор болып жұмыс істеген. 1983 жылы «Көгершін қауырсындары» атты өлең кітабы үшін Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының, ал 2000 жылы «Тағдырлы жылдар жырлары» кітабы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды. Бейбарыс атындағы сыйлықтың иегері. «Құрмет» ордені және Құрмет грамотасымен марапатталған.
Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институттың тіл-әдебиет факультетінде оқыған. Қазақ телевидениесінде қатардағы редактор, Маңғыстаудағы барлау экспедицияларында жұмысшы, одан соң облыстық газетте журналист, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының сол облыстағы әдеби кеңесшісі, «Егемен Қазақстан» газетінің Маңғыстау облысындағы тілшісі, Маңғыстау облыстық теле-радио комитетінің төрағасы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, «Ақиқат», «Жұлдыз» журналдарының бас редакторы болып қызмет еткен.
«Темірхан Медетбек үлкен жүректі ақын болатын. Оның шығармашылығы отансүйгіштік пен ерлік рухын көтеріп, ар-намыс пен қадір-қасиет, туған жер мен халық туралы өзінің биік ойларымен ұрпақтар санасына терең сіңіп кетті» деп жазылған хабарламада.
Өлеңдері қырғыз, өзбек, украин, орыс, қытай, татар тілдеріне аударылған. Пушкин, Лермонтов, Якуб Колас, Янка Купала, Леся Украинка, Радован Загович, Бодлер, Верхарн, Пабло Неруда, Незвал, Эркин Вахидов, Кулаковский сияқты ақындардың өлеңдерін, сондай-ақ Генрих Бельдің «Иесіз үй» романы мен Владимир Набоковтың бірнеше шығармаларын тәржімалаған.
«Ақынның жарқын бейнесі халықтың жадында мәңгі сақталады. Марқұмның отбасына, жақындарына және барлық әдеби қауымдастыққа көңіл айтамыз» деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтар
- Өскеменде автожөндеу аумағында дизель отыны мен майдан тұтанған ірі өрт сөндірілді
- Еліміздің кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру қалай жүріп жатыр?
- Желтоқсандықтарды қорлаған мұғалім жұмысынан айырылды
- Трампқа оқ атқан «үздік мұғалім» болып шықты
- Грузияда есірткімен ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін
- Алматыда жүк көлігі аударылып, жүргізуші қайтыс болды
- Шымкент қаласында екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
- Ресей өкілі Кирилл Дмитриев: Энергетикалық дағдарыс ЕО мен Ұлыбританияға экономикалық «цунами» әкеледі
- Ақтаудағы зауытта екі жұмысшы тұз қышқылына күйіп алды
- «Мені көздеген болу мүмкін» — Трапм өзі қатысқан іс-шарадағы атыс туралы мәлімдеме жасады
- Ұлытаулық 76 жастағы қария Парижге жаяу барды
- Трамп қатысқан Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында атыс болды
- Жәнібек Әлімханұлы британдық боксшы Дензел Бентлидің сөзіне жауап берді
- Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл