Халық аспаптар ансамблінің негізін қалаған дирижер көз жұмды
Фото: freepik.com
Халық аспаптар ансамблінің негізін қалаған Маралжан Мырзақұлова дүниеден өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Қаралы хабарды Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры мәлімдеді.
«Халық аспаптар ансамблінің негізін қалаушы, талантты дирижер, ұлағатты ұстаз, «Мәдениет саласының үздігі» Мырзақұлова Маралжан Қазбекқызының мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына, жора-жолдастарына және барша жақындарына қайғыра көңіл айтамыз» деп жазды театр ұжымы.
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының халық аспаптар оркестрі 2021 жылдың 1-ші ақпанында құрылды. Оркестрдің дирижері – халықаралық конкурстардың лауреаты Маралжан Мырзақұлова еді. Ұжымның репертуары алуан түрлі күрделі музыкалық шығармалармен толыққан, орындаушылық стилі мен ойнау шеберлігінің жоғары мәдениеті қалыптасқанын айта кеткен жөн.
Халық аспаптар оркестрі Еуропалық фольклорлық фестивальдер қауымдастығының қолдауымен өткен «AsiaFolk 2021» онлайн фестивалінде Гран-при жүлдесіне және І-дәрежелі диплом марапатына ие болды. Сондай-ақ Францияда өткен «NOUVELLES ETOILES» деген халықаралық онлайн-байқауда «Классика және джаз» номинациясында 1-ші орынға ие болды.
Еске салайық, наурыз айында белгілі композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева көз жұмды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты