Халық әртістері Тұрсыновтың Мәдениет министріне жазған хатымен келіспейді

cover

Халық әртістері Ермек Тұрсыновқа жауап беруге шешім қабылдады. Журналист Марат Тоқашбаев, актриса Меруерт Өтекешева, Композиторлар одағының төрағасы Артық Тоқсанбаев және опера әншісі Шахимардан Әбілов баспасөз мәслихатын өткізіп, онда Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлованы сынға алған Қазақстан Кинематографистер одағының басқарма төрағасы Ермек Тұрсыновқа қарсы пікірлерін айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Бұған дейін Ермек Тұрсыновтың Instagram парақшасында Алматыдағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театрының бұрынғы директоры Ая Қалиеваны қолдау мақсатында Президент Тоқаевқа үндеу жарияланған болатын, оған белгілі мәдениет қайраткерлері Бибігүл Төлегенова, Ренат Салаватов, Ғафиз Есімов, Нағима Есқалиева, Лаки Кесоглу, Нұржамал Үсенбаева, Люция Төлешев және басқалары қол қойған.

Қолдар театрдың бұрынғы директорын жұмыстан босату туралы белгілі болғаннан кейін жиналды.

— Біздің заманда бұндай хаттамалар жайдан жай жазылмайды. Төленгені белгілі, бірақ мен оны дәлелдей алмаймын. Бұл бизнес. Тұрсыновқа ақша төлеп «фас» деді. Менің ойымша, осындайға бару үшін үлкен ақша төлену керек. Маған төлесе, бәлкім мен де...,- деді Артық Тоқсанбаев.

Хатта Абай атындағы опера және балет театрының бұрынғы директоры туралы айтылады. Қол қоюшылардың пікірінше, Ая Қалиева «күтпеген жерден және ешқандай түсіндірусіз» қызметінен босатылды.

Еске сала кетейік, 18 ақпанда Қалиева жұмыстан босатылған күні театр ұжымы «заңсыз шешіммен келіспейтіндігін» білдіру үшін шұғыл баспасөз конференциясын өткізді. Содан кейін әртістер Мәдениет министрлігінен бөлінген бюджет дәлсіздіктері туралы мәлімдеді.

— Мен Ақтоты Райымқұлова мен Ая Қалиеваға қарындастарымдай қараймын. Олар өздерін жақсы басқарушы ретінде көрсетті. Ақтоты Райымқұлова - өте салмақты адам және өз іс-әрекеттеріне өте сақ. Ол ешқашан Заң бұзуға бармайды, ол тіпті Заңның әрпі тұрмақ, үтірін де бұзбайды, – дейді Тоқсанбаев.

«Проплачено» – народные артисты о Турсунове и письме против министра культуры
Ая Қалиева

Оның ойынша Ая Қалиева шектен шығып кетті.

 — Мен Ая Қалиева тарапынан көтерілген хайпты лайықсыз деп санаймын. Мен оны жұмыстан шығаруда барлық заңды рәсімдер орындалғанына сенімдімін. Ақтоты Райымқұлова оған балама лауазым ұсынғанына сенімдімін. Ол өте ақылды және келісімге қабілетті адам. Ақтоты Райымқұлова өз қадамын жасады, енді Ая Қалиева тарапынан қадам күтілуде. Ая Қалиеваның айтуынша, бәрі оған қарсы бағытталған. Оны бұрынғы министр тағайындаған, - деді Тоқсанбаев.

Ол «халық әртістерінің есімін жамылу» лайықсыз іс әрекет деп атап өтті.

—  Олар Ая Қалиеваға қолдау көрсетуге шешім қабылдағанын түсінемін. Бірақ біз соттағыдай екі тарапты да тыңдауымыз керек. Олар талапкерді тыңдады, бірақ жауапкерді естімеді. Шамасы, оларға хаттың бір бөлігі ғана көрсетілді. Бұл жағдайда адамдар қателеседі. Тұрсынов сендіре алады. Бірақ бұл іске Бибігүл Төлегенованы тарту — ұят. Ол  —  КСРО Халық әртісі. Сонша атағы бар адамды тартты. Ұят деген де болу керек емес пе, - деді Тоқсанбаев.

Cabnews.kz сайтында Бибігүл Төлегенованың Ақтоты Райымқұлованың кетуін талап етпегені туралы жаңалық пайда болды.

«Проплачено» – народные артисты о Турсунове и письме против министра культуры
Ақтоты Райымқұлова

Шахимардан Әбілов те қол қоюшыларды адастырды деп санайды.

— Бибігүл Төлегенова қол қойды, бірақ тіпті оқымаған да шығар. Бұл ұят жағдай. Бұлай істеуге болмайды. Адамдарды жинап алып Мәдениет министрі туралы мұндайды айту масқара. Менің жүрегім үшін бұл қорлау. Біз қай әлемде өмір сүріп жатырмыз? Біз қоршаған ортаны жақсы көріп, әр адамға мейірімді сөздер айтуымыз керек. Мен оқығанда, бұны ақылды адам жазды деп ойламадым. Мен үшін бұл өте ауыр. Сондықтан біз алысқа бармаймыз, - дейді Әбілов.

Айта кету керек, Тұрсынов әлеуметтік желілерде Қалиеваны қорғағандар өз қолдарынан бас тартуды сұрайды деп жазды.

 — Алдымен жағдайды анықтайды. Содан кейін атақты адамдарды хатқа қол қоюға мәжбүр еткендерді іздей бастайды. Содан кейін олар кезек – кезек барлық қол қоюшыларға қоңырау шалып, қол қоюдан бас тартуды сұрайды. Біреуге әр түрлі көмек көрсетуге уәде береді. Біреуді қорқытады.

«Проплачено» – народные артисты о Турсунове и письме против министра культуры
Ермек Тұрсынов

Orda.kz Тұрсыновпен байланысқа шықты, ол халық әртістері өз хатында Мәдениет министрін жұмыстан босатуды талап етпегенін айтты.

— Олар Президентке Ая Қалиеваны қорғау үшін ашық хат жолдады, өйткені ол құнды маман. Яғни, олар Мәдениет министірінің шешіміне қарсы шықты. Бірақ сонымен бірге олар оның кетуін де талап етпейді, – деп түсіндірді ол.

Тұрсынов өз қызметінде Мәдениет министрінің жеке басын талқыламағанын атап өтті.

— Мен министрді жаман адам деп айтпадым. Менің постым мүлдем ол кісіге қатысты емес. Мен біздің елде мәдениетке қатысты шешілуі керек мәселелер бар екеніне назар аударғым келді. Бізде мәдениет ауыр хәлде, сіз оны қалайша байқамайсыз? Мені не үшін талқылап жатырсыз? Әңгіме толығымен басқа арнаға ауып кетті. Қоғам қайраткерлері алданды. Мені олардың аттарын жамылды деп айта бастады. Мен бәрін алдаған болып шықтым. Мен хаттың түпнұсқасын жарияладым, бір бір әрпін де өзгертпедім, – деді ол.

Сонымен қатар, режиссер оны сынға алған әртістердің қатысуымен өткен баспасөз конференциясы туралы да айтты.

Бірде-бір халық әртісі болған жоқ. Кездейсоқ адамдар жиналды. Шара ұят көрінді. Біріншіден, егер сіз баспасөз мәслихатын өткізсеңіз, мені де шақырыңыз. Сіз менсіз мені бір жарым сағат талқыладыңыз. Екіншіден, хатқа қол қойған бірде-бір адам болған жоқ. Үшіншіден, ол жерде журналист Тоқашбаев отырды. Тоқсанбаевтың маған пара бергені және менің артымда қандай да бір қаржы тобы тұрғаны туралы сандырағы үшін сотқа беретін боламын. Онда мен құрметтейтін актриса Меруерт Өтекешева отырды. Ол кісінің онда не істеп жүргені түсініксіз. Барлығы қоңырау арқылы жиналған. Баспасөз-конференциясы ешқандай дайындықсыз өтті. Олар не нәрсеге қол жеткізді? Мәселені мүлдем басқа бағытта көтерді. Мен жаһандық проблема туралы айттым. Сіз менің постымды оқып алып қорытынды жасаңыз. Тапсырыс бойынша әрекет етпеңіз. Бір табақ сорпа үшін олар осындай шараға барды. Өте ұят жағдай.

Ермек тұрсынов

18 ақпанда Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрының әртістері спектакльден кейін бірден наразылық акциясын ұйымдастырғаны белгілі болды. Олар өздерінің директоры Ая Қалиеваның кенеттен жұмыстан босатылуына наразы.

Авторы: Фариза Нарбекова
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар