Хайуанттар бағы өртке оранды: жануарлар қырылды

cover Фото: freepik.com

Бішкектегі хайуанаттар бағының бірінде өрт шығып, кейбір жануарлар мерт болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қайғылы жағдай бүгін, 28 қаңтар күні болды. 

«Бішкектің Октябрь ауданындағы хайуанаттар бағында өрт шықты. Өрт контейнерден шығып, ағашпен қапталған қоршауды өртеп жіберді. Сағат 08.50-де өрт толығымен сөндірілді. Алты маймыл мен кенгуру мерт болды», деп хабарлады Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі. 

Өрттің нақты себебі әлі белгісіз. Алайда мекеме директоры Владислав Шевченко өрт электр токтарынан шығуы мүмкін дейді. 

Директор суық ауа райы кезінде бұл қоршауда еден мен қабырғаларды жылыту үшін электр жылыту жүйесі үнемі жұмыс істегенін айтты. Бұл жағдай тропикалық жануарларға қолайлы температураны қамтамасыз етеді екен.

Владислав Шевченконың айтуынша, өлген жануарлардың арасында төрт маймыл, екі сурикат, кенгуру және макав попугайы болған. Директор хайуанаттар бағы алдағы күндері уақытша жабылатынын айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар